Пасха
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Пасха | |
---|---|
16th century Russian Orthodox icon of the Descent into The Hades of Jesus Christ, which is the usual Orthodox icon for Pascha. | |
Қайда өткізіледі | Most Christians |
Түрі | Christian |
Мағынасы | Celebrates the resurrection of Jesus |
Күн-айы | First Sunday after the first full moon on or after Наурыздың 21 |
Мейрамдауы | Religious (church) services, festive family meals, Easter egg hunts, and gift-giving (latter two, especially in USA and Canada) |
Рәсімдері | Prayer, all-night vigil (almost exclusively Eastern traditions), sunrise service (especially American Protestant traditions) |
Қайсыға қатысты | Passover, of which it is regarded the Christian equivalent; Septuagesima, Sexagesima, Quinquagesima, Shrove Tuesday, Ash Wednesday, Lent, Palm Sunday, Maundy Thursday, Good Friday, and Holy Saturday which lead up to Easter; and Ascension, Pentecost, Trinity Sunday, and Corpus Christi which follow it. |
Па́сха (гр. πάσχα; ивр. פסח — песах — мағынасы «өтіп кету»), христиандық бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орыс. Светлое Христово Воскресение) — христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы.
Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ислам діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбар Адам пайғамбарға тең, өйткені ол да Адам сияқты әкесіз жаратылды. Бірақ Адам пайғамбардың (бар адамдардың түп атасы) атасы да анасы болмаса, пайғамбар Иса Мәсіх әкесіз, жалғыз анасы Мәриям арқылы дүниеге пайда болған.
Ислам діні бойынша, Алланың серіктері жоқ, соңдықтан пайғамбар Иса Мәсіх әулие, ерекше адам болса да, ол бағынуға лайық, бірақ оған Құдайдай табынуға болмайды. Екіншіден, Ислам діні бойынша пайғамбар Иса Мәсіх өлмеген, Алла оны өзіне алған, ал Иса Мәсіхтің тірілуі Пасха жексенбісінде болмаған, ол Ақыр заманда, Қиямет күнінде қайтып дүниеге келеді, өйткені ол тек пайғамбар емес, ол Мәсіх, оның ерекше миссиясы бар. Соңдықтан мұсылмандар Пасха күнін тойламайды. Бірақ христиандарды «Кітаптің адамдары» деп, олардың діни көзқарастарын құрметтейді және христиандар үшін Пасха мейрамының маңызын түсінеді.
Мейрамның пайда болуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Христиандардың Исаның Нағыз Шіркеуі де Пасханы тойламайды. Кейбір протестанттар Пасханы тойласа, Пасхалық дәстүрлеріне қарсы шығады.
Бұрын яһудилер Мысырдан Мұса пайғамбармен қашып құтылуын тойлаған. Бұл мейрамды Песах деп атаған. Бұны жексенбі күні тойлаған. Христиан діні бойынша, пайғамбар Иса Мәсіх дәл осы күні тірілген. Соңдықтан, христиандар Песах мейрамына жаңа мәні беріп, «Песах» деген яһуди сөзін алып, оны юнанша (грекше) Пасха деп атай бастады.
Ағылшындар Пасханы өз тілінде «Easter» деп атаса, орыстар юнан сөзін пайдаланады. Алдыменен яһудилер мен христиандар Пасханы бір күні тойлаған, бірақ оған түрлі мән берген. Кейін, христиандар мейрамын бір аптаға кейін ауыстырды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2 ғасырдан бастап, Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған, әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Соңдықтан, Ұрым, Александрия мен Кіші Азия шіркеулері арасында «Пасхалық дау» пайда болған. Ақырында бұл дау, епископтардың Никей синодында шешілген.
Осылайша, 325 жылдан бастап Пасханы көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінен (бұл құбылыс Наурызға сәйкес, наурыздың 21-інде болады) кейін бірінші толған айдан кейін келесі жексенбіде тойлайды. Осылайша, Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуір айында немесе мамыр айының басында болады. Бұл мейрамның тойлайтын күні ай күнтізбесі және күнтізбесінің екеуі бойынша есептеледі.
1583 жылы папа Григорий 13-інші жаңа күн күнтізбесін енгізген. Бұл қазір біз пайдаланатын григориан күнтізбесі. Бұл күнтізбе бойынша Пасха мейрамы бұрынғы тойлайтын күннен екі аптаға кейін ауыстырды. Орыс православ шіркеуі қазірге дейін григориан күнтізбесіне әлі де көшпей, юлиан күнтізбесін қолданып отыр.
16 ғасырда католик шіркеуінен жаңа протестант шіркеуі бөлініп шықты. Бірақ олар да григориан күнтізбесін пайдаланады. Соңдықтан католиктер мен протестанттардың Пасханы тойлайтын күні православ христиандардың тойлайтын күнінен бөлек. Бірақ айырмашылығы Рождество мейрамының, басқа діни мейрамдар сияқты, әр жылда екі апта емес, өйткені Пасхадан басқа әр мейрамның тойлайтын күні әр жылда өзгермейді, Пасханың тойлайтын күні болса әр жылда өзгереді. Кей жылдарда христиан дінінің әр мазхабы Пасханы бір күнде тойлайды.
1997 жылы Сирияның Алеппо қаласындағы саммитінде, Шіркеулердің Дүниежүзілік Кеңесі Пасханы әр жылда бір күнде тойлап, дүние жүзінде католик, протестант пен православ христиандардың арасында Пасханы тойлау рәсімінің айырмашылығын жойғысы келді. Бірақ бұл бастаманы еш шіркеу қолдамады. Сондықтан бұл мәселе әлі де шешілмеген.
Пасханың дәстүрінің бірі әл-Құдыста түсетін киелі отты алып, оны дүниенің бар ірі шіркеулеріне жеткізу. Қазір, ұшақтар бар кезде бұл мүмкін болып отыр. Бұрын киелі от тек қана әл-Құдыста түскен, әлем бойынша әр шіркеудің жанында алау жағылған.
Мейрамды өткізудің дәстүрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаларын түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларын бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған.
Балкан елдерінде Пасха мейрамында мұсылмандар Құрбан айттағыдай қой сойып, салтанатты тағамдарын дайындайды. Бұлғарстанда бір мейрамында бір қойын түгелдей қуырылып дастарқанға қояды. Бір қойды таба алмаса, қой санынан дөнер кәуап сияқты «бедро» деген тағам жасайды немесе шашлык кәуапты ғана қуырып жасайды.
Еуропада католиктер мен протестанттар Пасхалық қояндарын жасайды. Оны ойыншық немесе қоянның сипаты бар шоколад түрінде жасайды. Германияда түрлі-түсті жұмыртқаларымен фонтандарды, хауыздарды және бұлақ көздерін әшекейлейді.
Православ христиандар бір-бірін бетінен сүйеді, Пасха мейрамымен құттықтайды, бір-біріне «Христос тірілді!» дейді, оған «Шынымен тірілді!» деп жауап береді. Иегованың куәгерлері Пасханың дәстүрлеріне қарсы шығып, тек Христостың тірілуіне сеніп, бұл күнде бір-бірін құттықтап, мейрамын Құдайға арналған дұғаларында өткізеді.
Пасханың күнтізбесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Католик пен протестанттар |
Православ |
---|---|---|
2000 | 23 сәуір | 30 сәуір |
2001 | 15 сәуір | |
2002 | 31 наурыз | 5 мамыр |
2003 | 20 сәуір | 27 сәуір |
2004 | 11 сәуір | |
2005 | 27 наурыз | 1 мамыр |
2006 | 16 сәуір | 23 сәуір |
2007 | 8 сәуір | |
2008 | 23 наурыз | 27 сәуір |
2009 | 12 сәуір | 19 сәуір |
2010 | 4 сәуір | |
2011 | 24 сәуір | |
2012 | 8 сәуір | 15 сәуір |
2013 | 31 наурыз | 5 мамыр |
2014 | 20 сәуір | |
2015 | 5 сәуір | 12 сәуір |
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Easter |