Папа облысы
Көрініс
Папа облысы, шіркеу облысы, Шіркеу мемлекеті — Орта Италиядағы рим папасы басқарған теократтық мемлекет (756—1870); астанасы — Рим. 756 ж. құрылды. 9 ғ-дың ортасына дейін Ұлы Карл және оның мирасқорлары империясының, 962 жылдан 12 ғ-дың ақырына дейін «Қасиетті Рим империясының» құрамына кірді. 10—12 ғ-да папа иелігі іс жүзінде Рим және Рим округымен шектелді. Обл. шекарасы талай рет өзгерді. Папа облысының халқы папалар мен императорлар, папа мен ақсүйектер арасындағы феод. соғыстардан қатты күйзеліске ұшырады. 1849 ж. ақпанда папа өкіметі құлатылып, Рим республикасы жарияланды. 1870 ж. Рим Италия корольдығына қосылғаннан кейін, Папа облысы өмір сүруден қалды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том