Палаццо
Көрініс
Палаццо (итал.pallazo; лат. palatium — сарай) — Италия қалаларындағы дербес үй, салтанатты сарай. Ғимараттың бұл түрі 15 ғасырдағы итальян Қайта өркендеу дәуірі кезінде пайда болды. Палаццоның таңдаулы үлгілерін жасаған сәулетшілер: Ф. Брунеллески, Микелоццо ди Бартоломмео, Л. Б. Аль- берти, Бенедетто да Майано. Палаццо көбіне үш қабатты болып салынады; аркамен көмкерілген ішкі ауласы, көше жаққа қараған салтанатты қасбеті болады. 15—16 ғасырда тұрғызылған Палаццоның таңдаулы үлгілері: Флоренциядағы Питти және Строцци, Римдегі делла Канчеллерия мен Фарнезе, Венециядағы Палаццо т. б.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том