Мазмұнға өту

Павиандар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Павиан

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Кіші жамағаты: Омыртқалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Примат
Тұқымдасы: Papio
Papio

Павиан (лат. Раріо) — танау маймылдардың бір туысы. Дене тұрқы 75—80 см, құйрығының ұзындығы 50—60 см, салмағы 30 кг-ға жетеді.Тұмсығы ұзын, танау тесігі кең, ит тісі мен қабақ сүйегі өте күшті дамыған. Шонданай сірісі үлкен және қызғылт.Аяғы мен қолының ұзындығы бірдей дерлік ,саусағы және башайлары қысқа павианның Гвинея-Бисаудан Эфиопияға дейін таралған 4 түрі (гамадрил, сфинкс, бабуин, анубис) және Оңтүстік Африкада 1 түрі (чакма) бар. Павиан таулы, жартасты жерлерде үйірленіп, топтанып жүреді, өсімдік жемісі, гүлі, жапырағы, тамыры, құс жұмыртқасы және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жыныстық жағынан 3—5 жылда жетіледі, 170 күн көтеріп бір бала табады. Баласын енесі 5—8 ай сүтімен асырайды.