Павел Николаевич Милюков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Павел Николаевич Милюков и Петр Алексеевич Кропоткин

Павел Николаевич Милюков (27.1.1859, Мәскеу – 31.3.1943, Экс-ле-Бель, Франция) – мемлекет қайраткері, тарихшы және публицист. Мәскеууниверситеттін бітіріп (1882), орыс тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарған (1886). Бірнеше жыл шетелде болып, София және Чикаго университеттерінде орыс тарихынан дәріс оқыған. Ресейге қайтып оралған соң (1905), саясатпен айналысты. Милюков – Ресейдің Конституциялық - демократиялық партиясын (кадеттер) ұйымдастырушылардың бірі. 1907 жылдан ОК-нің төрағасы, “Речь” газетінің редакторы болды. 3, 4- Мемлекет думаның мүшелігіне сайланды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 1918) Милюков патша өкіметінің жаулап алушылық саясатын, 1917 жылы Ақпан революциясы кезінде монархияның сақталуын жақтады. Уақытша үкіметте (бірінші құрамы) Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Азамат соғысы жылдарында шетелде болып (Лондон, Париж), 1920 – 30 жылдары “Соңғы жаңалықтар” (“Последние новости”) атты газет шығарды. Ол Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, т.б. алаш қайраткерлерімен жақын қарым - қатынаста болды. Милюков “Орыс тарихи ойының негізгі ағымдары”, “Орыс интеллигенциясының тарихынан”, “Орыс мәдениеті тарихының очерктері”, “Еске алулар” (1895 – 1917 жылдары), “Екінші орыс революциясының тарихы” (1921 – 1924 жылдары), “Бетбұрыстағы Ресей” (1927 жылы), т.б. іргелі еңбектер жазды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939 – 45 жылдары) Милюков орыс эмиграциясының фашистермен ынтымақтасуына қарсы шығып, Қызыл Армияның жеңістерін қуаттады.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том