Оңғақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оңғақ

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Тұқытәрізділер
Тұқымдасы: Тұқылар
Тегі: Tinca
Cuvier, 1816
Түрі: T. tinca
Екі-есімді атауы
Tinca tinca
(Карл Линней, 1758)

Оңғақ (лат. Tіnca tіnca) – тұқытәрізділер отрядына жататын тұщы су балығы.

Қазақстанда Есіл, Нұра, Торғай өзендерінде, Қамыс – Самар көлдерінде кең тараған, аздап Жайық өзенінде де кездеседі. Арал және Балқаш су алаптарында жерсіндірілген.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денесі жалпақ, жуан, тығыз ұсақ қабыршақтармен қапталған. Ұзындығы 32 см-дей. Екі езуінде қысқа мұртшалары болады. Балықтың сыртқы түрі негізінен қоңыр түсті, алтын сияқты жылтыраған рең байқалады. Судан шығарғанда түсі оңып кетеді, балықтың аты осыған байланысты қойылған. Аталықтарының құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтары едәуір жуан, сол белгісімен аналықтарынан оңай ажыратылады. Оңғақ жыныстық жағынан 3 – 4 жылда жетіледі, уылдырығын (320 мыңдай) тұңғиық және шылау өскен жерлерге мамыр айынан бастап 3 – 4 ай бөліп-бөліп шашады. Оңғақ балдырлармен, бентостық организмдермен (әсіресе хирономидтер мен біркүндіктер) қоректенеді. Еті үшін көп ауланады.[2][3] Кәсіпшілік және өсіру балықтары.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Freyhof, J. & Kottelat, M. (2008). Tinca tinca. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on January 25, 2010.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3