Мазмұнға өту

Опал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Опал минералы

Опал (лат. ораlus; көне грекше: ὀπάλλιος) — тотықтар класына жататын табиғи минерал.[1]

A.
Опал минералы

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химиялық формуласы SіO2ҺnH2O. Ондағы судың мөлшері 2 – 14%. Қоспа ретінде MgO, CaO, Al2O3, Fe2O3, т.б. кездеседі. Қыздырғанда судан бөлінеді, су жұтқанда мөлдірленеді. Сауыс, қабатша, топырақ, жалбыр тәрізді аморфты агрегаттар құрайды. Түсі ақ, сұр, кейде әдемі көкшіл, қызғылт-қара. Қаттылығы 5 – 6, тығыздығы 1,8 – 2,25 г/см3. Салқын судағы кремнеземнің коллоид ерітінділерінен, силикаттардың ыдырауынан, микроорганизмдердің тіршілік әрекетінен түзіледі. Кейбір таулы жыныстар Опалдан тұрады (гейзерит, диатомит, трепел). Қазақстанда кайнозой жыныстарында кездеседі. Опал құрылыс материалы ретінде, металдарды тегістеуде, т.б., ал әдемі түстілері әшекей тас ретінде қолданылады. Кендері Грузияда, Арменияда, Оралда, т.б. жерлерде кездеседі.

Морфологиялық ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әдетте, сыртқы формасы тамыл іркіліп жиналған тығыз шыны тәрізді масса түрінде байқалады. Кейде, ішінде марганецтің қара немесе қара қоңыр сулы тотықтарының дендрит тәрізді кірмелері болады. Бірқатар организмдердің — диатомей сауытының, губкалар инелерінің (спикулдерінід), радиолярия сүйектерінің, біршама фораминифераның және мүкше жануардың — бастық ұрамды бөліктері болады. Кремнеземнің коллоид ерітінділері (золь) осындай организмдердід тамағы болып есептелінеді. Организмдердің сутегінде кремнезем болғандықтан, көпшілік жағдайларда, олардың ерте заманда жойылған қалдықтары қазба байлық түрінде жақсы сақталады. Шөгінді жыныстарда опал химиялық тұнбалар түрінде пайда болады. Кейде ол шыны тәрізді массадан, кеуікті ақ немесе аздаған бояулы массадан пайда болған толық пластар құрайды. Опал, трепел, диатомит ішіпде организм кремнеземі сүйектерінің қалдықтары болады. Опалдың түстері өте көп әрі әдемі, псевдоморфозалар береді. Түстерінің әр түрлі болуы опалдың қоспасына байланысты.

Жаратылысы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1) опал салқын су коллоид ерітінділерінен бөлініп, шөгінді түрінде дайда болады; 2) опал силикаттар бұзылған кезде (оливин, змеевик, ортоклаз, микроклин тағы басқа) пайда болады; 3) органикалық опал — микроорганизмдердід тіршілігі мен әрекетіне байланысты түзіледі.[2]

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69