Омбудсмен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Омбудсмен - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын адам.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан, әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекет­терінен жапа шеккен жеке адам­дар­дың бұзылған құқықтарын қор­ғайды. Өзінің мәртебесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жеке адамның бұзылған құқығы мен бостандығын қорғайтын тәуел­сіз халықтық адвокат болып табы­лады.

Вашигтондағы Джорджтаун Университетіндегң белгі
Оңтүстік Африка, Кейп Таунға жақан жердегі Омбудсмен кеңсесіне нұсқау

Омбудсмен­нің тиімді жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдер мен шарттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басты өлшемдер Адам құ­қықтары жөніндегі ұлттық инс­титуттар қызметінің Париж қағи­даттарында анықталған. Бұл ең алдымен:

  • қоғамдық қабылдау, яғни омбудсменнің бұзылған құқық­тарды айқындауға және қалпына келтіруге арналған нақты мүмкіндігі бар екендігін қоғамның көруі, қа­былдауы;
  • құқық бұзу жағдайларын бол­дырмауға шұғыл ден қою мақ­сатында халықпен барынша тығыз байланыс орнату мүмкіндігі. Осы­ған байланысты омбудсмен өкіл­дерінің еліміздің барлық жергілікті жерлерінде болу мәселесі өзекті болып отыр;
  • біліктілігі жоғары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істеген, сондай-ақ байсалды өмірлік тәжірибесі бар кәсіби кадрлардың болуы;
  • өз ұсыныстарының орын­далу­ын бақылауға өкілеттілігі.