Оксфорд ағылшын тілі сөздігі
Оксфорд ағылшын тілі сөздігі Oxford English Dictionary | |
Оксфорд ағылшын тілі сөздігінің екінші басылымының томдары (1989) | |
Ел | Ұлыбритания |
---|---|
Түпнұсқасы | |
Тілі | Ағылшын тілі |
Қазақша басылым | |
Баспасы | Оксфорд университетінің баспасы |
Медия типі | Сөздік |
Беттер саны | Онда 100 000-ға жуық бас әріптер, 11000 тиісті атаулар, 350 000-нан астам сөздер, фразалар мен анықтамалар, 11000 энциклопедиялық мақалалар, 68000 түсініктемелер бар. |
ISBN | 978-0-19-861186-8 |
Жарияланған уақыты | 1884 – 1928 (бірінші басылым) 1989 (екінші басылым) |
өңдеу |
Оксфорд ағылшын тілі сөздігі (ағылш. Oxford English Dictionary, OED), Оксфорд сөздігі, Үлкен Оксфордтық сөздік — «Оксфорд университетінің баспасы» баспа үйі шығарған ең танымал және үлкен[1] ағылшын тілі сөздіктерінің бірі. 2005 жылғы басылым 301 100 шақты мақаланы қамтыды (350 миллион символ).
Сөздік ауызекі, бейресми «Мюррей сөздігі» (Murray’s) деген атпен де танымал (алғашқы редакторы – Джеймс Марридың фамилиясы бойынша).
Даму тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басылым жылдары | |||
---|---|---|---|
1888 | A | A New ED | Vol. 1 |
1893 | C | NED | Vol. 2 |
1897 | D | NED | Vol. 3 |
1900 | F | NED | Vol. 4 |
1901 | H | NED | Vol. 5 |
1908 | L | NED | Vol. 6 |
1909 | O | NED | Vol. 7 |
1914 | Q | NED | Vol. 8 |
1919 | Si | NED | Vol. 9/1 |
1919 | Su | NED | Vol. 9/2 |
1926 | Ti | NED | Vol. 10/1 |
1928 | V | NED | Vol. 10/2 |
1928 | all | NED | 12 vols. |
1933 | & sup. | Oxford ED | 13 vols. |
1972 | A | OED Sup. | Vol. 1 |
1976 | H | OED Sup. | Vol. 2 |
1982 | O | OED Sup. | Vol. 3 |
1986 | Sea | OED Sup. | Vol. 4 |
1989 | all | OED 2nd Ed. | 20 vols. |
1993 | all | OED Add. Ser. | Vols. 1—2 |
1997 | all | OED Add. Ser. | Vol. 3 |
1857 жылы Лондон филология ұйымы сөздікті шығаруды ойластырды. Болашақ сөздіктің жобасы 1859 жылы, жаңа ағылшын сөздігін жасап шығару туралы ұсыныс жарияланғаннан кейін, құрастырылды. Редакторы болып Джеймс Марри тағайындалды. Сондай-ақ Генри Брэдли мен Уильям Крэйги де көптеген жұмыстар атқарды.
1 ақпан 1884 жылы «Тарихи қағидаларға негізделген жаңа ағылшын сөздігі»(ағылш. «New English Dictionary on Historical Principles», NED)[1] деп аталған алғашқы басылымды шығару басталды. 1895 жылдан бастап мұқабаларға «Оксфордтық ағылшын сөздігі» (ағылш. «Oxford English Dictionary») деген екінші атауы жазыла бастады[1]. Басылым 1928 жылға дейін 10 томнан тұрды. 1919 жылдан бастап, әскерден оралған, Джон Рональд Руэл Толкин лексикограф көмекшісі қызметін атқарды.
1933 жылы сөздік басылымнан кері өтті және қосымша кітабы бар 12 томнан тұрды. Осы кезде ол қазіргі атауын алды — «Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі»[1].
1972 жылы бірінші томның шығуысымен, 3 томдық қосымша сөздік басыла бастады.[1] 1972 және 1986 жылдар аралығында тағы да 4 том қосылды.
1989 жылы 20 томдық екінші басылым жарық көрді.
Сонымен қатар 2 томдық «Compact edition of the Oxford English dictionary» атты кішірейтілген басылымдары мен «Shorter Oxford English dictionary» және «Concise Oxford dictionary of current English» деп аталатын кысқартылған түрлері де бар[1].
Толықтай қайта өңделген басылымы 2017 жылы шығарылуға дайындалынып жатыр. Басылым тек электронды түрде болады (яғни, кітап түрінде шығарылмайды). Қазіргі таңда 80-ге жуық мамандар еңбектені жатыр. Мәліметтерге сүйінетін болсақ 2011 жылдың 24 наурызында Ryvita сөзіне жеткен.
Мазмұны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оксфордтық сөздіктің лексиконы 1150 жылдан бастап қолданыста бар, қолданыстан кеткен ауызекі және әдеби тілдегі барлық сөздерді қамтиды. Сөздік этимологиялық, орфографиялық, семантикалық, орфоэпиялық және грамматикалық тұрғыдан егжей-тегжейлі анықтама береді. Мысалдар мен үзінділерге негізделе отырып, сөздердің мағынасының, емлесінің (дұрыс жазылуының), айтылуының және қолданысының әртүрлі тарихи уақыт аралығындағы өзгерістерін көрсетуге тырысады. Алғашқы басылымы 500 мыңға жуық сөзден және 5 мың атвордың 20 мың туындысынан алынған 2 млн-ға жуық цитаталардан тұрды[1].
Басылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Oxford English Dictionary, second edition, edited by John Simpson and Edmund Weiner, Clarendon Press, 1989, twenty volumes, hardcover, ISBN 0-19-861186-2
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c d e f g Гудовщикова И. В. Оксфорд сөздігі Мұрағатталған 22 тамыздың 2014 жылы.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|