Ню (жанр)
Көрініс
Ню (фр. nu - киімсіз, жалаңаш) - адамның (негізінен, әйелдің) лыпасыз денесін кескіндейтін бейнелеу өнерінің бір жанры. Ню Қайта өркендеу дәуірінде пайда болып, 17 ғ-да жанр ретінде қалыптасты. Джорджоне, Тициан, Корреджо картиналарын Ню басты орын алды. П.П.Рубенстің (Шолақ тоны" (1640, Вена), Рембладттың "Суға түсіп бара жатқан келіншегі" (165, Лондон), Ж.О.Д. Энгрдің "Бастауы" (1856, Париж), Э.Маненің (Олимпиясы" (1863, Париж) Н - ға жатады. Қазақ топырағындағы алғашқы жалаңаш натуралар Ұлытау ескерткіштерінде тас мүсіндерден кездеседі. Т.Досмағамбетовтың "Жаршы" мүсіні, А.М. Степановтың "Шолпан", Г.Ысмайылованың "Жалаңаш ару" (1995) туындылары Ню түрінде орындалған.