Мазмұнға өту

Нуэстра-Сеньора-дель-Пилар шіркеуі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Нуэстра-Сеньора-дель-Пилар шіркеуі

Нуэстра-Сеньора-дель-Пилар шіркеуі - Испанияның Сарагоса қаласындағы барокко үлгісінде салынған ең үлкен ғибадатханалардың бірі. Иса пайғамбардың анасы Дева Марияға және оның б.з.д. 40-жылдары сол маңда болғандығының құрметіне арнап салынған. Нуэстра-Сеньора-дель- Пилар - Марияның құрметіне арнап салынған алғашқы қасиетті орын. Базиликаның ортасында баған қойылған. Онда қолында нәрестесі бар Марияның мүсіні бейнеленген.

Көптеген испан корольдері, сондай-ақ басқа да шетелдік билеушілер мен әулиелер Марияның мүсіні алдына барып сиынатын. Көптеген жылдар бойы осы шіркеу орналасқан маңда әртүрлі үлгідегі ғибадатханалар тұрғызылған болатын. Олардың бірі қолдан бұзылса, енді бірі өрттен зардап шекті. Нуэстра-Сеньора-дель-Пилар шіркеуінің құрылысын 1681 жылы II Карл бастағаң құрылыс жұмыстары 1686 жылы аяқталды.

Қазан айының 12-жүл- дызында Испанияда бірден екі мереке болады: біріншісі - әулие Дева Пилар мерекесі, екіншісі - Испанияның ұлттық мерекесі - Испанидад күні. 1725 жылы ғибадатхана едәуір кеңейтілді. Шіркеудің ішкі көрінісі таңғаларлық байлығымен және сән-салтанатымен ерекшеленеді.

Нуэстра-Сеньора-Дель- Пилар - Испания халқының Марияға берген есімі. Мария есімі Латын Америкасында кең таралғаң бірақ Испанияда бұл есімді Пилар деп өзгертіп айту әдетке айналған. Нуэстра-Сеньора-Дель-Пилар шіркеуі - Испаниядағы ең маңызды шіркеулердің бірі. XVII ғасырда шіркеуде өрт болып, қалпына келтіру жумыс- тарынан кейін шіркеу готика үлгісінде жаңаша кейіпке енді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Catedral-Basílica de Nuestra Señora del Pilar de Zaragoza