Нильс Улаф
Нильс Улаф | |
Патша пингвині | |
Туған күні |
1959– |
---|---|
Туған жері |
Эдинбург хайуанаттар бағы |
Мемлекет | |
Қызмет еткен жылдары |
1972 – |
Атағы |
Полковник және бойтұмар |
Әскери бөлімі |
Норвегиялық патша гвардиясы |
Нильс Улаф (норв. Nils Olav) — Шотландиядағы Эдинбург хайуанаттар бағында өмір сүретін патшалық пингвин. Нильс норвегиялық патша гвардиясының полковник-шеф (Colonel-in-Chief) атағын алып жүрген ардақты полковник және бойтұмары. 2008 жылы рыцарь атағын алған[1].
Әскерлік мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1961 жылы Норвегия патша гвардиясы Эдинбург әскери оркестрінің салтанатты шеруіне барып, қойлымдарын көрсетеді[2]. Лейтенант Нильс Эгелиен (норв. Nils Egelien) Эдинбург хайуанаттар бағындағы пингвиндер отарына қызыққан болатын. 1972 жылы гвардияшылар Эдинбургқа қайта келген кезде лейтенанттың жәрдемдесуімен пингвиндердің бірі «асыраныпп алынған болатын». Нильс Эгелиен және Норвегияның патшасы Улаф Ѵ-тін құрметіне орай пингвинның атын Нильс Улаф қояды.
Нильс Улафқа visekorporal («вице-капрал», ефрейтор) атағы берілді. Патша гвардиясының Эдинбур әскери оркестріне барған сапары сайын Нильс Улафтың атағы арта түсті.
1982 жылы ол – әскери кіші командир (капрал), 1987 жылы – кіші командир құрамының атағына (сержант) ие болды. Алайда жуырда осы атақты алғаннан кейін Нильс Улаф қайтыс болады және оның орнын Нильс Улаф II басады. 1993 жылы ол полк сержанты (sergeant major) атағына дейін көтеріледі. 2005 жылдың 18 тамызында ол бастық полковник (Colonel-in-Chief) атағына ие болып, 2008 жылдың 15 тамызында рыцарь атанады.
Нильс Улаф – Норвегиялық әскер қатарында осыншама үлкен атаққа ие болған алғашқы пингвин болып есептеледі[3]. Улафтың рыцарь болғанының құрмет мерекесіне орай, эдинбургтік хайуанаттар бағында толық бойлы қоладан жасалған мүсін қойылады. Соған ұқсас мүсін Осло қаласындағы Норвегиялық патша гвардиясының штаб-пәтерінде де бар.