Мазмұнға өту

Никола Риццоли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Никола Риццоли (итал. Nicola Rizzoli; 5 қазан 1971, Мирандола, Италия) — италиялық футбол төрешісі. 2002-17 жылдары Италияның жоғары лигадағы матчтарын басқарды. 2007 жылдан ФИФА төрешісі. УЕФА-дағы элиталы реферилерінің санатына кіреді.

Футболдан бос кезінде архитекторлықпен айналысады. 2002 жылы алғаш рет Италия А сериясындағы "Венеция" — "Перуджа" матчын басқарды. Ал Еуротурнирлердегі алғаш төрелік еткен кездесуі - 2008 жылғы "Спортинг Лиссабон" — "Базель" матчы.

ЕУРО-2012 турниріндегі бас төрешілердің бірі болды.

УЕФА Чемпиондар Лигасының 2013 жылғы финалына ("Бавария — "Боруссия Дортмунд") төрелік етті.

2014 жылғы әлем чемпионатының финалын (АргентинаГермания) басқарды. Әлем чемпионаттарының финалында бас төреші болған тарихтағы үшінші италиялық төреші. Бұған дейінгілер: Серджио Гонелла (1978), Пьерлуиджи Коллина (2002).

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Италияның жеті дүркін үздік төрешісі: 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017
  • ЕУРО-2016 турниріндегі ең үздік төреші[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Никола Риццоли ЕУРО-2016 турнирінің үздік төрешісі (орыс тілінде). sportarena.com (9 қараша 2016). Тексерілді, 8 желтоқсан 2016.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]