Мазмұнға өту

Нефта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нефта - Тунистегі шұрат (оазис) және қала.

Араб аңызы бойынша Дүниежүзілік топансу қайтқаннан кейін, жерден шықкан бірінші бұлақты Нұқтың немересі Костел Нефтадан тапқан. Бұл бұлақ бүгінгі күндері оңтүстік-батыс Тунистің тіршілігі жоқ төбелері қоршаған құнарлы шұратқа өмір берді. Шөлдің шыжыған күиі айналадағының бәрін күйдіріп тұрса да, Нефта жері тереңнен көтерілетін бұлақ суымен суарылады. Нефта мен Корбей шұраты — жасыл отырғызылған пальмалары бар, шұратқа солтүстіктен келіп жапсарласатын табиғат күштері мен адамның өнертапқыштығының қосылуы нәтижесі ретінде пайда болды. Нефтада су тау жынысының жер астындағы кеуекті кабатында жиналып, жоғары қарай жарылымдардың 150-ден астам сызықтарымен көтеріледі (XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап мамандар, бұл табиғи су қоймасына жету үшін тау жынысының кабаттарымен артезиан құдықтарын бұрғылай бастады.)

Нефта

Корбейде су бұлақ болып атқылап, сыртқа кратер қабырғаларындағы жарылымдар мен саңылаулар арқылы шығады. Ирригациялық каналдардың күрделі жүйесінің көмегімен бұлак суы шаршы телімдерде бірдей қатарлармен 35000 құрма пальмалары отырғызылған құнарлы бақшаларға бөлінеді. Бұл ағаштардың шамамен үштен бірі дүние жүзіндегі ең үздік сортқа жатады.

Дәмді қуаттылығы жоғары, "бал татыған күн саусақтарына" теңелетін жемістері — бұл адамға құрма пальмасы беретін жалғыз нәрсе емес. Олардың жапырақтарын жолақтап кесіп кептіреді, одан кейін олардан себеттер және ор түрлі ыдыстар тоқиды, сүйектерін уатып, малға беретін жемге қосады, ағаш шырынынан шарап жасайды. Ағаш жеміс беруін тоқтатқанда (шамамен 200 жылдан кейін) оны кесіп, ағаш материал ретінде пайдаланады. Оның үстіне кұрма пальмалары басқа, неғұрлым әлсіз өсімдіктерді корғауда маңызды рөл атқарады. Биіктігі 30 метрлік бұл ағаштар шөлдің күшті желдерінен қорғайтын қалқан кызметін атқарады, ал олардың орасан үлкен, кең жайылған жапырақтары ыстықты баяулатады, мұндағы көлеңкедегі температураның өзі 46°С-тан асуы мүмкін. Осындай жағдайларда шаруалар көкөністер мен жемістерді: анарлар, інжірлер, алмұрттар, өріктер, апельсин мен лимондарды игіреді.

Нефта
Нефта

Нефта қаласының оңтүстік шетінде үлкен әрі қанқұйлы тұзды көл Шотт-эш-Шерги орналасқан. Жазда Күн көл түбін тастанған қабығына дейін құрғатады, ал ортасында буланған тұз қар сияқты жарқырайды. Алайда жер асты суларының деңгейі көтерілетін кезде, күзде Шоттқа су толады. Көктемде су деңгейі қайтадан төмендеп, бүкіл аудан тұзды батпаққа айналады. XX ғасырдың 80-жылдары Шотт арқылы тас жол салынды. Бұрын жол әлі болмаған кезде, жолаушылар көлді бойына отырғызылған пальмалармен ғана айыруға болатын (бір кездері Шотты "белгілер көлі" деп атаған) тар соқпақпен кесіп өтетін. Соқпактан ауытқыған адам өміріне қауіп төніп, тәуекелге бел бууға тура келетін. Аңыз бойынша XII ғасырда көлде мың бастан құралған тұтастай керуен жоғалып кеткен. Бастаушы түйе соқпақтан шығып кеткеннен кейін, барлық түйелер апат болған.

Нефта— бұл табиғаттың дархан сыйларының көзі мен қорық қана емес, мыңдаған жыл бойы шұрат ислам діні ағымы -сопылықтың орталығы қызметін атқарып келеді б.з. 670 жылы арабтар бағындырғаннан кейін, Нефтаны сопылықпен (бұл атау арабтың "қияли" деген сөзінен шығады) байланыстыра бастады. Бұл сектаның негізін салушы Ибрагим-ибн Адхам жеке отырып, Құранды зерттеу мен Алла жөніндегі ойларға берілу үшін Нефтаға аттанды. Сектаның тунистік мүшелері көптеген ауылды аудандарда ағайындар тармағын ұйымдастырды. Қасиетті орын ретінде шұраттың рөлі өсе түсті. Нефта дінге сенушілердің жаңа топтарын тартып, осылайша оның діни мәртебесі ғасырдан-ғасырға нығая түсті.

Бүгінгі күндері Нефта қаласының ескі бөлігінде, шөл күнінің жарық сәулелерімен ақ күмбездері жарқыраған 100- ден аса храм мен 24 мешіт орналасқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5