Нағыз көп жасушалылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Сары көбелек.
A.
Нағыз көп клеткалы жәндік.

Нағыз көп жасушалылар (Eumetazoa) – дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тіндері, органдары, жүйке жүйесі жақсы дамыған организмдер. [1]

Нағыз көп жасушалылар тобындағы жануарлар органдарының белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелілер (Radіata) және екі жақты симметриялы жануарлар (Bіlaterata)[2].

Сәулелі жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда жүзуіне орай органдары бір осьтің төңірегінде шашыраған сәулелер тәрізді орналасады да, дененің сәулелі (радиальды) симметриясын құрайды. Олардың денесі сыртқы (эктодерма) және ішкі (энтодерма) қабаттардан тұрады. Осы белгісіне сай олар қос қабаттылар (Dіploblastіca) тобына жатады. Сәулелілердің екі типі бар: ішекқуыстылар және ескектілер. Екі жақты симметриялы жануарлар үш қабатты (Trіploblastіca) жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриондық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары түзіледі: сыртқы (эктодерма), ішкі (энтодерма) және аралық қабат (мезодерма). Бұл топқа: жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар,скребнилер, буылтық құрттар, буынақтылар,онихофоралар,моллюскалар,қармалауыштылар,тікентерілілер,погонофоралар,қылтанжақтылар,жартылай хордалылар және хордалылар жатады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
  2. Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, 1-кіт., А., 2004