Навахо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дине (Diné)
Бүкіл халықтың саны

311 мың адам (2015)

Ең көп таралған аймақтар
Тілдері

навахо, ағылшын

Діні

пейотизм, христиандық, анимизм

Навахо (өзінше атауы - дене, дине, навахо тілінде - diné, навахо тұратын жердің өзінше атауы - Динета) солтүстік америкалық үндістер тайпасы, Нью-Мексико штатының солтүстік-батыс бөлігінде; Аризона мен АҚШ-тағы Юта штатының оңтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүреді. Олар апачи тіліне туыстас атабаск тобының тілінде сөйлейді.

Навахоның дәстүрлі үйі - хоган. Әйелдер мен ерлердің тұрғын үйлері бір-бірімен ерекшеленеді. Екеуі де ағаштан жасалған және балшықпен сыланған, жер бетіне сырғауылмен бекітілген. Таңертең есік жақта күн жарқырасын деп тұрғын үй кіре берісі әрдайым шығысқа бағытталған.

Навахоның дәстүрлі сенімдері адам өмірі мен табиғат арасындағы тепе-теңдік идеясында. Адам өміріндегі үйлесімділік идеялары Hózhóójí деп аталады. Дене халықтарының сенімі бойынша жер бетіндегі және қасиетті адамдар бар. Сонымен қатар, навахолардың пайымдауынша, Жерге келгенге дейін олар басқа үш әлемді бастан өткереді, ал Жер «төртінші» болып саналады.

Навахо мен апачилер 900-1200 жылдары Канададан оңтүстік-батысқа қоныс аударған. Содан кейін навахолар ПУЭБЛО үндістерінің қол астында қалады. Құмдағы көркем сурет секілді Навахолықтардың көркемделген әсерлі көзе қыш бұйымдары мен әйгілі кілемдері осы үндістердің қол астында жүргенде пайда болған. Ал күміспен жұмыс жасау өнері XIX ғасырдың ортасында Мексикадан келген болуы керек. Олардың дәстүрлі шаруашылығы – егіншілік болды, кейінірек қой, ешкі және мүйізді ірі қара ұстау сияқты мал шаруашылығымен де айналыса бастады. Негізгі әлеуметтік бірлігі - РОД болды. Діндегі басты мақсат жерден тыс әлемнен алғашқы адамның пайда болуына баса назар аудару болып саналды. 1863 жылы АҚШ үкіметі полковник КИТ КАРСОНҒА (Kit Carson) навахолар мен апачилерге шабуыл жасауды доғаруға бұйрық берді; оның белсенді әрекетінің нәтижесінде 8000–ға жуық навахо адамдары түрмеге қамалып, егін алқаптары мен бірнеше мал басы жойылды. Бүгінгі күні көптеген навахолар Навахо резервациясында (Нью-Мексико, Аризона және Юга штаттарынан 64 000 шарты км) немесе соның маңайында өмір сүріп жатыр. Мыңдаған адам маусымдық жалдамалы жұмысшы болып жалданып, тіршілік етуде, күнелтуде. Олардың тілі жақсы қалпында сақталған. Олар тілдерін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде навахо тіліне шифрлама жасау арқылы қолданған. Навахо АҚШ-тағы тұрғылықты американдықтардың бірқатар тобын құрайды. Шамамен 270 000 адам 2000 жылы АҚШ-та халық санағы жүргізілгенде өздерін навахолықтар деп атап көрсеткен.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Iverson, Peter. Diné: A History of the Navahos. — Albuquerque: University of New Mexico Press, 2002 — ISBN 0-8263-2714-1.
  • Джеймс Уиллард Шульц. «Сын племени Навахов»