Мүлік
Мүлік[1] - жеке немесе заңды тұғаның меншігі.
Мағыналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- заңды немесе жеке тұлғаның меншігіндегі, иелігіндегі немесе басқаруындағы заттардың, материалдық құндылықтардың жиынтығы; азаматтық құқықтардың (ең алдымен меншік құқығының) материалдық нысаны;
- заттардың және басқа тұлғалардан заттарды алуға мүліктік құқықтардың жиынтығы (актив);
- иесінің мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың және мүліктік құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығы (актив пен пассив).
- Қазіргі түсінігімізде — ірілі-уақты дүние, бұйым, жиһаз деп ұғынамыз. «Алмаймын мүлкіңнен, қойсаң да сен жайып, Өйткені күлкіңнен, қайтамын мен байып» (Ө. Нұрғалиев, Нөсер.).
Сөз төркіні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түркі тілдеріне, қала берді қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен ауысып, мағынасы бізде — мал, дүиие қалпына айналған. Ал аталған тілдердеғі мағынасы өзгеше. Арабтарда мүлэк — меншік, иелік, парсы тілінде мэлки — жеке меншік. Осы сөзден, әсіресе, араб тілінде «иеленуші, билеуші, жеке меншік иесі» деген мағыналарды беретін «мәлік» сөзі пайда болған. Бұл сөз қазақ тілінде адамға есім болып қойылады.[2]
Мұрагерлік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұрагерлік және кәсіпорын қызметінің тоқтауы кезіндегі құқық-тың әмбебап сабақтастығы (актив пен пассивтің – құқықтар мен міндеттемелердің басқа тұлғаға көшуі) осымен байланысты. Нысанына қарай бір жерден екінші жерге көшіруге болмайтын жылжымайтын мұрагерлік (жер телімдері‚ олардағы күрделі үймереттер‚ ғимараттар мен басқа да объектілер); бір жерден екінші жерге көшіруге болатын жылжитын мұрагерлік; меншіктенушісіне қарай: мемл. кәсіпорынның, муниципалдық кәсіпорынның, шаруашылық серіктестік пен қоғамның мұрагерлікі түрлеріне ажыратылады. Мемлекеттік кәсіпорынның мұрагерлікі бюджеттік қаражат және басқа мемл. мекемелердің салымдары мен алған табыстары есебінен, басқа да заңды көздердің есебінен құралады. Муниципалдық кәсіпорынның мұрагерлік – муниципалдық меншіктегі, муниципалдық біртұтас кәсіпорынға және оған шаруашылық жүргізу құқығы негізінде бекітіліп берілген заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы. Ол жергілікті бюджеттің есебінен құралады.
Шаруашылық серіктестік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шаруашылық серіктестіктің құқығы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарынан және олардың бірлескен қызметі есебінен құралған заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы. Шаруашылық қоғамның (акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі қоғамның немесе қосымша жауапкершілікті қоғамның) мұрагерлікі оның жарғылық капиталына қатысушыларының салымдарынан және заңды тұлға ретіндегі қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінен құралған заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы.
Тағы да қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том
- ↑ Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |