Мүкжидек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Мүкжидек

Мүкжидек (Oxycoccus) – қаражидектер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта. Қазақстанда батпақты жерлерде өсетін 2 түрі: кәдімгі (төрткүлте) Мүкжидек (Oxycoccus quadrіpetalus) және ұсақжемісті Мүкжидек (Oxycoccus mіcrocarpus) бар. Оның жіп тәрізді жіңішке тармақтарының ұзындығы 75 – 80 см-дей, жапырақтары майда, сопақша немесе дөңгелек, қалың шырынды болады. Қызғылт түсті гүлдері (саны 2 – 4) шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шырынды, қышқыл дәмі бар жидек. Ол алғашқыда ақ болады да, кейін қызарады. Жемісінің құрамында лимон, қант, пектин заттары, минерал тұздар, С витамині бар. Жемісі жеуге жарамды және медицинада пайдаланылады.[1]

Мүкжидек квасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мүкжидекті жуып, жентектен, оған су құйып қайнатады да сүзеді. Сонан соң алынған тұнбаға қант қосып қайтадан қайнатады да, суытады, (тұнба шамалы жылу үшін). Содан кейін ашытқы салып, араластырып, бір тәулік қояды. Шөлмекке немесе банкаға құйыл, салқын жерде сақтайды. 2—3 күннен кейін квас әзір болады. 800 г мүк жидегіне: 350—400 г құмшекер, 40 г ашытқы керек.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9