Мускус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мускусжануарлар мен өсімдіктерден алынатын құрамы күрделі, ерекше иісті зат. Жануарлар мускусы арнайы бездерде түзілетін қоңыр түсті, түйіршікті масса. Құрамында макроциклды кетондар тобы болатындықтан өзіндік ерекше иісі бар. Сонымен бірге, оның қүрамында ақуыз, май, холестерин, түрлі тұздар болады. Өсімдік мускусының иісі ондағы макроциклды лактондарға байланысты. Мускус парфюмерияда пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1