Мономер
Мономер – молекулалары бір-бірімен немесе басқа қосылыстардың молекулаларымен полимер түзетін төменгі молекулалық қосылыстар. Мономерге қысқа байланысты (моно- және диолефиндер, ацетилендер, қанықпаған карбон қышқылдарының нитрильдері, альдегидтер) немесе циклді топтары (олефиндердің оксидтері, лактамдар, лактондар), сондай-ақ гидроксил, карбоксил, амин, т.б. функционалды топтары бар қосылыстар (мыс., дикарбон қышқылдары, аминқышқылдары, гликольдар, фенолдар, диаминдер) жатады. Сополимерленуге немесе сополиконденсациялануға қатысатын мономер сомономерлер деп аталады. Өте жиі қолданылатын Мономерлер этилен, пропилен, бутадиен, стирол, акрилонитрил, капролактам, терефтал қышқылы, этиленгликоль, фенол, формальдегид.[1]
Мысалдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мономерлер органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін.
- Бейорганикалық полимерлердің мысалдары қызыл фосфор және селен.
- Органикалық мономерлердің мысалдарына алкендер мен алкиндер сияқты қанықпаған көмірсутектердің молекулалары жатады. Мысалы, этиленнің полимерленуі белгілі пластик – полиэтиленнің түзілуіне әкеледі.
- Өнеркәсіпте акрил қышқылы және акриламид сияқты акрил мономерлер де кеңінен қолданылады.
- Табиғи мономерлердің – аминқышқылдарының полимерленуі нәтижесінде белоктар түзіледі. Глюкоза мономерлерінен әртүрлі полисахаридтер – гликоген, крахмал түзіледі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |