Михаил Тимофеевич Погребецкий
Михаил Тимофеевич Погребецкий (1892-1956) – кеңестік альпинист, КСРО-ның спортқа еңбегі сіңген шебері (1939), Хан Тәңірі шыңына бірінші көтерілген адам (1931 Борис Тюнин мен Франц-Йозеф Зауберермен бірге), украин альпинизмінің ұйымдастырушысы, дәрігер.
1929-1936 жылдар аралығында Михаил Погребецкий Тянь-Шань тауының орталық аймақтарындағы өткен экспедициялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы ретінде болған. Ол Оңтүстік Иныльчек атты мұздығының аймағын, сонымен қатар оған іргелес мұздықтарды, жотылыр мен тау шыңдарының жан-жақты зерттеулерін жүргізген. Тау шыңдарының ішінде Хан Тәнірі де болған. Ұлы Отан Соғысы кезінде Михаил Погребецкий Іле Алатау тауларында орналасқан, “Горельник” базасында құрылған бүкілодақтық тау мергендерін дайындау мектебін басқарып, соғыстан кейін Приэльбусьеде Украин альпинизм нұсқаушыларына арналған мектебіін ашты. Одан кейін Адыл-Су аңғарында альпинистік лагерін ұйымдастырған (қазіргі “Эльбрус” лагері). Погребецкий Украин альпинизм федерациясының төрағасы және КСРО-ның альпинизм федерациясы президиумының мүшесі болған.
Михаил Погребецкийдің құрметіне Памир мен Тянь-Шаньдағы тау шыңдары аталған. Михаил Погребецкий құрметіне:
- Іле Алатаудағы Погребецкий шыңы, биіктігі 4231м.
- Орталық Тянь-Шаньдарғы Меридиональ жотасындағы Погребецкий шыңы, 6487м.
- Мұзкөл жотасындағы Погребецкий шыңы, 6060м.
Сонымен қатар оның құрметіне Погребецкий астероиді (4468) аталған.