Мазмұнға өту

Микрокалькулятор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Микрокалькулятор

Микрокалькулятор - әр түрлі есептеулерді орындау мүмкіндігі мол, пайдалануға ыңғайлы және шағын портативті электрондық есептеуіш машина. Ол әр түрлі мамандарға (экономистерге, бухгалтерлерге, сатушыларға т. б.), сондай-ақ студенттер ме мектеп оқушыларына қажет көптеген күрдел есептеулерді тез орындауға мүмкіндік береді. Микрокалькулятор тұрмыcта да пайдалы оның көмегімен электр энергиясына жәй газға төленетін ақыны есептеуге, пәтер жөндеуге керекті материалдарды, мерекелік дастарқан мәзірін анықтауға, сондай-ақ үй шаруашылығын жүргізуге қажетті есентеулерді орындауға болады.

Микрокалькулятор түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарапайым (көпшілікке арналған), инженерлік және программалы деп 3 топқа бөлінеді. Ол өзіндегі қоректену көзінен (мыс., шағын аккумулятор не элемент немесе қернеуі 220 В болатын айнымалы ток желісінен қоректенеді. Олардың көпшілігінің өзіндік жеке қоректену көзі бар. Сонымен бірге оларды (шағын элементтермен қоректенетін 133 -38, БЗ—39, МК — 51 МК 53) күн элементімен жұмыс істейтін. Автономды қоректенетін микрокалькуляторлар МК—60 микрокалькуляторынан басқасын айнымалы ток желісіне типтік қоректендіру блогы арқылы қосуға болады.

Қарапайым, тасылмалданатын микрокалькуляторлар кішігірім (мөлшері қойын кітапшасындай) қорапша түрінде болады; оның бір қырында цифрларды (0-ден 9-ға дейінгі цифрлар) теруге арналған және кез келген амалды орындауға сигнал беретін клавиштер, сондай-ақ өзінде терілген сан мен есептеу нәтижесін көрсететін жарық таблосы (индикатор) бар. Мұндай микрокалькулятор бүтін және бөлшек сандармен арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) орындауға, процентті есептеуге, дәрежеге шығаруға, қажет санды есте сақтауға және пайдалануға дейін қабылдауға, оны есте жазылған сан мен қосуға, азайтуға т. б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Ескеретін жайт: сан құрамындағы цифрлар индикатор көрсетуінен асып кетпеуі тиіс. МН 53 микрокалькуляторында -қосымша электрондық календарь, қоңыраулы сағат және секундомер орнатылған. Микрокалькуляторларда есептеу барынша қарапайым әрі уақыт аз кетеді. Мыс., 27 және 48 сандарын қосу үшін, ретімен 2 және 7 кла-виштерін (бұл кезде индикаторда 2, содан кейін 27 бейнеленеді), сосын «қосу» (-(-) клавишін және 4 пен 8 (индикаторда 4 және 48 жанады), клавиштерін ақырында нәтиже («=») клавиштерін басу керек. Индикатор да қосу нәтижесі 75 саны бейнеленеді. + клавиші арқылы санды микрокалькулятор жадына сақтауға немесе есте бар санға қосуға болады. Микрокалькуляторды пайдалана отырып, басқа арифметикалық амалдарды осылай орындауға болады. Күрделі микрокалькуляторлар (инженерлік және программаланатын) тригонометриялық функцйялардық мәнін, ондық және натурал логарифмдерді есептеуге, кейбір теңдеулерді шешуге т. б. орындайды. Микрокалькуля-торды таңдауда олардың көмегімен орындалатын есептеулердің сипатын білу (кестеге қараңыз) қажет. Кестеде барлық микрокаль-куляторларға ортақ, керек жағдайда екі клавишті басу арқылы орындалатын операциялар көрсетілген. Микрокалькулятордың мүмкіндігін аша түсетін бірнеше операция-лардан тұратын есептеу тәсілі де бар. Мыс., қарапайым микрокалькулятормен тригонометриялық функцияларды есептеуге, санды дәрежеге шығаруға, түбір табуға болады.Яғни бірнеше операция орындалады. Ал, инженерлік микрокалькуляторда осы операцияларды орындау үшін бір клавишті басса жеткілікті.

Микрокалькуляторды таңдау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Микрокалькулятор таңдауда индикаторына да баса назар аудару керек. Мысалы, сұйық кристалды индикаторда цифрлар бейнесі реңсіз (контрастылығы төмен, қара түсті цифрлар сұр түсте көрінеді) болғанымен, ол қуатты аз жұмсай (бірнеше милливатт, не оның үлестері), бір рет зарядталған аккумулятормен не элементтер комплектімен жүздеген, кейде мыңдаған сағат (мыс., БЗ—38, БЗ—39 микрокалькуляторлары үзіліссіз 800 сағат,МК—51—1000 сағат, МК — 53—8000 сағат) жұмыс істей алады. Микрокалькуляторлардың жарық диодты (цифрлар қызыл түсті) және катодо-люминесцентті (цифр жасыл түсті) индикаторлары ваттың ондық үлесіндей қуат пайдалана отырып, бір элементтер комплек-тісімен бірнеше сағат қана жұмыс істейді. Жарық диодты индикатордың артықшылығының бірі-ол механикалық әсерге (діріл, сілкіл, соққы) төзімді, люминесценттік индикатордағы жасыл түске адамның көзі талып шаршамайды, қамтылу-бұрышы 150о-қа, ал жарық диодты индикаторда ол небары 30о-ка ғана жетелі.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9