Мазмұнға өту

Мерчандайзинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мерчандайзинг (ағыл. merchanising өткізу өнері) — өткізу қызметі үдерісінің кезеңі, сатып алушыны тауарға "жақындатуға" және сатып алу ықтималдығын барынша қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені; сатып алушыға нақты дайындаушы кәсіпорынның тауарын сатушы адамның көмегінсіз сатып алуына психологиялық ықпал жасау және сендіру тәсілі. Өндірушілер, импортшылар, делдалдар өз өнімін бөлшек сауда сатармандары арқылы өткізетін көтерме сауда сатармандары үшін Мерчандайзингіні пайдалану қажет әрі маңызды, сондықтан Мерчандайзинг көбінесе өткізімді ынталандыру жөніндегі қызметтің бір бөлігі ретінде қаралады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2