Марсты терраформалау
Марсты терраформалау (терраформинг) – планеталық деңгейдегі инженерлік жобалар мен басқа да Марсты тіршілік етуге қолайлы планетаға айналдыруға қатысты жобалардың жиынтығын қамтитын гипотетикалық процедура. Бұл процесс әртүрлі ресурстарды қажет ететін бастамалар арқылы планетаның қазіргі климатын, атмосферасын және бетін өзгертуді, сондай-ақ жаңа экологиялық жүйені немесе жүйелерді орнатуды қамтиды.
Басқа ғарыштық нысандарды емес, Марсты таңдаудың себептері ол ғаламшар бетінде судың болуы және ғаламшардың бір кездері Жерге ұқсас тығыз атмосфераға ие болғанын көрсететін геологиялық тарихында жатыр. Десе де, Марсты толық терраформалауға кері әсерін тигізетін жағдайлар ретінде – ғаламшардың гравитациясының төмендігі, лас топырағы, Жерге қарағанда жарықтың төмен деңгейі және магнит өрісінің болмауы деп айтуға болады.
Ғалымдар мен сарапшылар қазіргі технология планетаны өмір сүруге жарамды ете алады ма деген сұраққа дауласып жатады.[1] Терраформалауға қарсылық білдіру себептеріне этикалық алаңдаушылықтар мен мұны жүзеге асыруға қатысты шығындар жатады. Ал керісінше ғаламшарды терраформалауды қолдайтындардың айтулары бойынша Марсты терраформалаудың басты себептеріне Жердегі сарқылып бара жатқан ресурстар туралы алаңдаушылықтарды азайту мен басқа ғаламшарларда колония құру арқылы адамдардың жойылып кетуінің алдын алу жатады.[2]
Адамдарға пайдасы мен кері әсері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адам санының өсуі, Жердегі ресурстардың сарқылуы, және мүмкін болатын Ақыр Заманның болуына байланысты альтернативті шешім адамзатқа Жерден басқа да Марс, Ай сынды ғарыштық нысандарға колонияларды салуды талап етуі мүмкін. Ғарышта колониялар құру Күн жүйесінің энергетикалық және материалдық ресурстарын жинауды барынша ұлғайтады әрі жеңілдетеді. [4]
Марс – Күн жүйесіндегі басқа планеталардың ішінде Жерге ең ұқсасы. Ғалымдар Марс ғаламшарының геологиясын зерттей отыра планетаның бұрындары Жерге ұқсас екендігін анықтады[5]. Мысалы, Марстың атмосферасы бұрындары қалың әрі демалуға қолайлы деседі. Сондай-ақ ғалымдар ғаламшар бетінде жүздеген миллион жылдар бойы планетарлық атмосфераның диссипациясы, немесе оңай сөзбен айтқанда ғаламшар бетінің кеуіп кетуі, арқылы жоғалған су қоры мол болған деп болжайды.
Егер Марста жатғаламшарлық өмір бар болатын болса, онда терраформалау кезінде жойып жіберуіміздің мүмкіндігі Марсты терраформалаудың кері әсері ретінде қарастырылады.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://www.nasa.gov/news-release/mars-terraforming-not-possible-using-present-day-technology/
- ↑ https://thebreakthrough.org/journal/no-16-spring-2022/terraforming-mars
- ↑ https://blogs.nasa.gov/stationreport/2018/02/06/iss-daily-summary-report-2062018/
- ↑ https://books.google.kz/books?id=EgyzQgAACAAJ&redir_esc=y
- ↑ https://www.space.com/20560-mars-atmosphere-lost-curiosity-rover.html
- ↑ https://web.archive.org/web/20191205034604/http://igem.org/wiki/images/6/60/Valencia_Ethics_Review.pdf