Мазмұнға өту

Лотос ғибадатханасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лотос ғибадатханасы
Жалпы мәлімет
Түрі

Ғибадатхана

Сәулет стилі

Экспрессионизм

Мекен жайы

Дели

Мемлекет

 Үндістан

Құрылысы басталды

1978

Құрылысы аяқталды

1986

Ашылған уақыты

1986

Биіктігі

31

Техникалық сипаттамасы
Басқа да өлшемдері

Орталық залдың диаметрі − 75 м, сыйымдылығы − 1300 орын.

Дизайны мен құрылымы
Сәулетшісі

Фариборз Сахба

Картада орналасуы
Лотос ғибадатханасы (Үндістан)
Лотос ғибадатханасы

Координаттар: 28°33′12″ с. е. 77°15′31″ ш. б. / 28.55333° с. е. 77.25861° ш. б. / 28.55333; 77.25861 (G) (O) (Я)

Лотос ғибадатханасы1986 жылы салынған Үндістан және кейбір оған іргелес мемлекеттердегі Бахаи дінінің басты ғибадатханасы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үндістанның астанасы - Дели қаласында орналасқан. Ақ пентелий мәрмәрінен, жалбыраған лотос пішініне ұқсас жасалған. Туристер арасында өте танымал ғимарат, Делидің әйгілі көрікті жері. Лотос ғибадатханасы бірнеше архитектуралық марапаттарды женіп алған және көптеген газет және журналдарда ол туралы айтылған.

Құлшылық ету

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық Бахаи ғибадатханаларындай, Лотос ғибадатханасының есігі барлық адамдарға ашық. Бахаи ілімі жан барлығы конфессиялық кедергісіз Құдайға құлшылық ете алады деп айтады. Оған қоса ілім Бахаи немесе басқан діннің мәтіндері әрбір тілде түсінікті және ғибадатхана хорымен музыкалық инструментсіз өлең ретінде айта алады деп жазылады. Уағыздарды оқу және ритуалды рәсімдерді өткізуі қаралмаған.

Құрылысы 1978 жылы басталып, 1986 жылы 22 желтоқсанда біткен. Орталық залдың диаметрі − 75 метр, биіктігі − 31 метр, сыйымдылығы − 1300 орын.

Сидней опера театрының жобасымен рухтанған (бағыты - құрылымды экспрессионизм) архитектор Фариборз Сахба жобаға 27 лотос "жапырақтарын" қосқан және оларды топтарға үш-үштен бөлген, осылайша ғимаратты тоғызбұрышты және дөңгелек пішінді еткен. Ғибадатхананың тоғыз есігі орталық залға жол ашады. Храмның аумағында ғимарат пен бау-бақша орналасқан, ауданы 26 акр немесе 105 000 шаршы метр (10,5 гектар). Бахаи сенімінің барлық ғибадатханалары бір элементпен біріктірілген. Абдул-Баха, дін қалаушының ұлы, дөңгелек пішінді тоғызбұрышты ғимарат барлық ғибатханалардың архитектуралық ерекшелігі болып табылады деп айтқан. Барлық ғибадатханалардың күмбезі бар, алайда ол ғимараттың басты бөлігі емес. Бахаинің қасиетті мәтіндерінде ғибадатхананың қабырғаларында ешбір сурет болмауы керек, ал төңірегінде бірде бір мүсін, ішінде кафедра немесе алтарь болмау керек деп жазылған.

Жалпы жоба Флинт энд Нилл британдық компаниясымен жасалған еді. Жерді сатып алуға басты салымды Ардишир Рустампур істеген. Қаражаттың бір бөлігі үнемделіп, ғибадатхананың маңайына отырғызылған жергілікті гүлдер мен өсімдіктерді зерттеуге арналған жылыжайды салуға жіберілген.

1986 жылдан бастап, Лотос ғибадатханасын 2002 жылға дейін 50 миллион адам барып келген. Осы жылдар ішінде келушілер саны Эйфель мұнарасына және Тәж Махалға келушілер санынан асқан. Индуистік мерекелер кезінде келушілер саны күніне 150 мыңға жетеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]