Ломбардия
Ломбардия | |||
Lombardia | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Енеді |
Бергамо, Брешия, Комо, Кремона, Лекко, Лоди, Мантуя, Милан, Монца-э-Бриянца, Павия, Сондрио, Варезе | ||
Әкімшілік орталығы |
Милан | ||
Басшысы |
Роберто Формигони | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Жер аумағы |
23 861 км² | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
9 426 354 адам | ||
Тығыздығы |
395 адам/км² | ||
Ломба́рдия (итал. Lombardia, Үлгі:Lang-lmo) — Италияның административті ауданы.
Физико-географиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ломбардия солтүстік Италияда Альпі таулары мен По өзенінің арасында орналасқан. Ломбардия келесі аудандармен шектеседі: Пьемонт, Эмилия-Романья, Венето, Трентино — Альто-Адидже және Швейцариямен.
Ломбардияда Италияның халқының алтыдан бір бөлігі тұрады. Ауданның астанасы Милан қаласы, солтүстік Италиядағы ең үлкен қала.
Елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала | Халқы |
---|---|
Милан | 1 256 211 |
Брешия | 187 567 |
Монца | 120 204 |
Бергамо | 113 143 |
Варезе | 80 511 |
Сесто-Сан-Джованни | 78 850 |
Комо | 83.770 |
Бусто-Арзицио | 75 916 |
Чинизелло-Бальсамо | 72 050 |
Павия | 71 214 |
Кремона | 70 887 |
Виджевано | 57 450 |
Леньяно | 53 797 |
Ро | 50 246 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Ломбардия" аты лангобардтардан шыққан. Италия тілінде екпін соңғы буынға түседі: "Ломбарди́я". Екі ғасырдың ішінде лангобордтар жеңілгендердің дінін қабылдады (бұрын олар ариандар болған). Олардың тілдері араласып, жеңілгендердің мәдени ықпалына ұшырады. IX ғасырда халқы немістер емес италияндықтар болып кетті.
Каролингтардың әулеті жойылған соң, Ломардия үшін атақты герцогтар мен бургундиялық корольдер, 951 жылы Оттон ауданды қайта Римдік-германдық империясына қайта қосқанша шуласты. Империяға басы байлылық болған, бірақ ол жалған еді. Аймақтық сениорлық иеліктер кейбіреулері өз еркімен, кейбіреулері мәжбүр болып қосылды. Феодалдар қалаларда тұруды қалады. Өйткені, олар байлықтары мен жақтастардың арқасында басқару ісіне ықпал көрсете алды. Қалалдың көбісі "Ломбардиялық қалалар одағын" құрды, ал олардның бастысы Милан қаласы болып саналды.
Фридрих I Барбаросса өзінің Италияға жорықтарын бастаған кезде, ол одақтан батыл қарсылық көрді. Бірақ 1158 жылы Милан корольге бас иеп, алым-салық төлеп, тұтқындарды босатты. Фридрих ломбардиялық темір тәж кигізу жорасына мүмкіндік алды. Императорлық биліктің шексіздігін қолдағандардан, яғни 14 ломбардиялық қалалардың ішінен 28 өкілеттілерден және болониялық университеттің 4 заңгерден, ломбардиялық қалаларға заңдар шығару үшін комитет құрылды. Жаңа заңдармен корольге герцогтарды, басқарушыларды, қазыларды тағайындау билігі берілді. Қалаларға одақ құру, әскер ұстауға, жаңа жер иеленуге тиым салынды. Мұнадй шарттармен тыныштықты ұзақ ұстау мүмкін емес еді, бірақ жаңа соғыс 1162 жылы Миланның жауланып толық қиратылуымен аяқталды. Екі жылдан кейін қалалардың көбісінде қайта көтерілістер туындап, императорлық билеушілер қалалардан қуылып, қалалар одағы қайтадан құрылды.
1176 жылығы Фридрихтың Леньянодағы күйрете жеңілісі бірінші 6 жылдық достастыққа, кейін 1183 жылы Констанцтық достастыққа әкелді. Бұл достастықпен қалалар өзіне бұрынғы еркіндіктерін қайтарды. Императорда ешқандай билік болған жоқ. Келесі он жылдықтарда ломбардиялық қалалар қарқынды дамып, тез байыды. Бұған крест жорықтары ықпалын тигізді. Қалалар өзінің әдемілігімен шетелдіктерді таңқалдырған. Ломбардиялық одақ құлдырады, оның орнын конфидерациялар басты. Олардың саясат орталығы Ломбардияда Милан және Павия, одан басқа аудандарда, Италияның солтүстігінде Флоренция, Болонья, Пиза, Генуя, Венеция еді. Бұл конфидерациялар және жеке қалалар арасында алауыздық болған. Одақтар құрылып, өзгеріске ұшыраған, құлдыраған. Қайта-қайта жаңа қалалар топтастығы пайда боатын, бірақ басында императордың талаптарына бәрі де қарсы болды.
Ақырындап, императордың билігі жағында болған гибеллиндер көптеген қалаларда (Пармада, Мантуяда, Феррарада, Веронада, Пьяченцада, Реджиода, Моденада, Брешияда) билікке ие болды, Кейін бұл қалалар ерекше конфидерация құрды. Басқа қалаларда римдік Папаның және қалалардың тәуелсіздігін қолдаған гвельфтер билік етті. Фридрих II Штауфенның Ломбардияға жорықтары 1237 жылы Кортенуовода сәтті басталып, өкінішті аяқталды: Пармада тас-талқаны шығып 1247 жылы Италиядан қашты. Ломбардия мен Тоскана заңды түрде Герман империясының бөлігі болып қала берді, бірақ неміс корольдері 60 жыл ішінде билікке талаптарын еш талаптарын білдірген жоқ. Ломбардиялық қалалардағы билік ақырындап айрықша құқыққа ие сословиелерден халыққа көшті.
Қалалармен, көбінесе көпшіліктің көңілін аулаған, мәртебелі отбасының адамдары таңдалған. Қалалардың көбісінде бұлар демократияға сүйеніп, мұрагерлікпен берілетін билікке ие болды. Мұнадай билеушілер гиббелиндерге қосылуын қолайлы деп санады. Осылай, Миланда Висконти отбасы билікке келді. 1310 жылы неміс королі Генрих VII Альпі таулары арқылы Италияға жаңа жорық жасады. Бұл жолы Миланның билеушісі гибеллин Маттео Висконти қақпаны өзі ашып, Генрихті ломбардиялық темір тәжге ие болып, Висконтиді императордың орынбасары және миландық граф етіп тағайындады.
Келесі жылдары Висконти әулеті өз билігін Павияға, Комоға, Пьяченцаға, Кремонаға, Брешияға және басқа қалаларға орнатты. Ломбардияда мықты Висконти мемлекеті пайда болғаны,ежелгі гвельфтік дәстүрге ие болған басқа қалаларда наразылық тудырды. Наразылықтар [[Карл IV (Қасиетті Рим империясының императоры)|Карл IV]] Италияға жаңа жорық жасауға сылтау болды. 1395 жылы Джангалеаццо Висконти Милан генрцогі титулына ие болды. Висконти әулетнің билігі білімге, әдебиет пен көркем-өнердің дамуына жол ашса да, осыған озбырлықпен келген болатын. Билеушілер тыңшылардың артуына, саясаттағы қарсыластарын қинап, зорлаған. Өзін-өзі басқару және ерлік толық жойылды.
1447 жылы Висконти әулеті қырылып бітті, ал оның орнын Сфорца әулеті басты. 1516 жылы Миландық герцогтік Француздық I Францискпен басып алынды, бірақ Габсбургтер әулеті оны өзінің иелігі ретінде санап, Франциядан оны тартып алу үшін айтарлықтай күш жұмсады. 1523 жылы Милан, Лоди, Повара, Алессандрия Карла V әскерімен басып алынды. 1530 жылы Папа Карл V ломбардияның темір тәжін ұсынды. Сол уақыттан бастап Ломбардия Испандық провинция болып саналып, испандық вице-королімен биленді. Милан мен Неаполидің иесі Испания, бүкіл Италияны биледі. Испанияның мұрасы үшін соғыстан кейін, соғыс театрлардың бірі болған Ломбардия, Миландық герцогтік (оның ішіне Бергамо, Брешия кімеді, бірақ Алессандрия мен Пьаченца кірген болатын) 1714 жылы Австриямен басып алынды. Австриялық мұра үшін соғыс кезінде Австрия Сардиния корольдігіне герцогтіктің бір бөлігін беру керек болатын (жуықтап 8000 км²), оның иелігінде 21 000 км² жер қалды.
1797 жылы Бонапарт Ломбардияда Цизальпин республикасын құрды. Суворовпен құртылған және 1802 жылы Италия республикасына, кейін Италия корольдігіне қосылған. 1815 жылы Ломбардия мен Венеция Австрияға қайтарылып, Ломбардо-Венециандық корольдік құрды.
1859 жылы Цюрихтік әлемімен Ломбардия Италияға қосылды. Сол уақыттан бастап оның политикалық тарихы жаңа корольдікпен араласады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ломбардия әлем экономикасындағы өте маңызды аудан. Оның ЖІӨ 400 млрд. еуроны құрайды. Ломбардия Еуропаның ең бай үш аудандарына кіреді, адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші Италияның басқа аудандарымен салыстырғанда 30 %-ға көбірек. Халықаралық және италиялық компанияларда Миланда штаб-пәтерлері бар.
Ломбардияның ЖІӨ көрсеткіші бүкіл Италияның 20,7 %-ы. Бұл 305550,4 млн еуро. адам басына шаққандағы көрсеткіші 2007 жылға 32128,4 еуро.
Елдегі электротехникалық өндірісінің ең мықты торабы - Милан провинцияларымен бірге Варезе, Бергамо, Комо провинциялары.Соңғы жылдары электротехникалық кәсіпорындардың құрылысы оңтүстікке қарай жылжуда, Неаполь және Бари ауданы жақтарына қарай. Ауданда мақта-мата өнеркәсібі кең таралған. Бұған судың және арзан альптік ГЭС-тарынан келетін электроэнергиясының ықплы әсер етеді. Аяқ киім фабрикаларының көбісі Ломбардияда орналасқан.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ас-тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ас-тағамдарының дәстүрлеріне көбінесе ландшафт әсер етті. Солтүстіктегі таулы аудандарда ет тағамдары, сүт өнімдері және тұщы су балықтары көп пайдалануда. Ломбардияның оңтүстік бөлігінде ауыл шаруашылық өнімдері - жүгері және күріш, соның арқасында полента және ризотто көп пайдаланылады. Ломбардияда шарапшылықпен де айналысады және жер бетінде танымал кампари және амаретто дайындалады.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ломбардия картасы (ағыл.)
|
Координаттар: 45°39′ с. е. 9°57′ ш. б. / 45.650° с. е. 9.950° ш. б. (G) (O) (Я)