Мазмұнға өту

Лимфа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лимфа жүйесі

Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.

Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

[1] [2]

Дереккөздер

  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
  2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х