Ливтер
Ливтер (өзд. атауы -ливли, каламисз (балықшы), рандаист (жағалау тұрғыны)) — шағын балтық-фин халқы. Болжам бойынша олар Балтық елдеріне шығыс және солтүстік-шығыс бағыттан келген. Ливтермен ең жақын туысқан халықтар — қазіргі эстондықтар, олармен ливтер 20 ғасырдың басына дейін экономикалық және тілдік байланыста болды. Толық және жеткілікті көп этникалық қауымдастық ретінде ливтер 12 ғасырға дейін өмір сүрді, содан кейін олардың әртүрлі Балтық тайпаларымен біртіндеп этнолингвистикалық ассимиляциясы басталды, соның негізінде қазіргі латыштар ливтердің тікелей қатысуымен қалыптасты. Жалпы саны- 400, Латвияда -167 (2015).
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Прибалтика-финн тілдері шоғырының финн-угор тобына жатады. Алғашқы лив тіліндегі кітаптар 19-ғасырдың ортасында жарық көрді. 1920-39 ж. латын әліпбиі негізінде 1920-39 ж. жазуы пайда болып, мектеп оқулықтары, күнтізбелер, журналдар шығарылды.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливтер христиан дінінің протестант тармағының лютеран бағытын ұстанады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливтер - 12 ғасырдағы орыс жылнамаларында көрсетілген либь тайпасының ұрпақтары. 13 ғасырда Ливон орденінің Курляндия мен Ливонияны жаулап алуынан кейін курштармен, латгалдармен араласып кетті. 1202 жылы крестшілер Даугаваның сағасында Рига бекінісін құрды. 1205 жылға қарай ливтердің едәуір бөлігі шоқыну рәсімінен өтуге мәжбүр болды. Дінге байланысты күрес тағы бірнеше жылға созылды, ливтер леттер мен Полоцк князьдерін өз жағына тарта алды, XIII ғасырдың 20-жылдарында ливтер немістердің көмекші армиясын құрайды және олармен бірге эсттерге, леттерге және орыстарға қарсы шықты. 13 ғасырдың аяғынан бастап ливтер туралы мәліметтер өте аз.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливтер балық аулаумен, ормандағы ара шаруашылығымен және аңшылықпен айналысады. Ауылды жерлерде тұрады. Балық аулау артельдерінде жұмыс істейді.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лив мәдениетінің ажырамас бөлігі - дәстүрлі түрде теңіз жағалауында (Лив жағалауында) айтылатын Лив тілінде орындалатын Лив әндері. Көптеген лив әндері ұлттық латыш әндеріне айналды.
Ливтер қалалық киімдерді латыштарға қарағанда ертерек кие бастады. Лив костюмдерінің бөліктері 19 ғасырдан бері сақталған.
Қазақстандағы ливтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ливтер Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы ливтердің саны: 1989 ж. 7-адам, 1999 ж. 3 адам, 2009 ж. 49 адам тұрды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 303-бет ISBN 978-601-7472-88-7