Лаврентий жылнамасы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Лаврентий жылнамасы – пергаментке жазылған ең көне орыс жылнамашыларынының бірі.
Жылнама тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киев Русі мен Солтүстік-шығыс Русьтің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихынан (852-1305) маңызды мағлұматтар бар. Оны 1377 жылы Суздаль монахы Лаврентий XIV ғасырдың басындағы қолжазбалардан көшіріп жазғаннан кейін соның есімімен аталып кеткен. Жылнамада 898-922, 1263-1283, 1288-1294 жылдар аралығындағы деректер жоқ. Лаврентий көшірген 1305 жылғы жылнама жинағы Тверь князьі Михаил Ярославич ұлы князь болған кезде жасалса керек. Лаврентий жылнамасы 1792 жылы А.И.Мусин-Пушкиннің қолына түседі. Ол оны Александр І-ге сыйлайды. Қазір Санкт-Петербургте М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада. 1846 жылы баспаға басылды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том