Көкпек
Көкпек (лат. Atrіplex) – алабота тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік. Жер жүзіне белгілі 225 түрінің 25-і Қазақстанның барлық аймағына тараған. Биіктігі 10 – 150 см, жапырақтары кезектесе орналасқан, олардың табақшалары тегіс, кейде тілімделген. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3 – 5 мүшелі гүлсерікті, 5 аталықты, аналық гүлдері негізінде гүлсеріксіз болады. Қазақстанда жиі кездесетін түрі – боз Көкпек, алабота (A. сana). Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Биіктігі 20 – 50 см бұташық. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Шілде – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Тағамдық (бақ көкпегі) – мал азықтық, дәрілік, бояулық, тех. өсімдіктер. Шөл далалы аймақтарда Көкпекті адамдар отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |