Кәдімгі пыста

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кәдімгі пыста

Кәдімгі пыста (лат. рistacia vera) — сумахтар тұқымдасына жататын сирек кездесетін өсімдіктердің бірі.

Қазақстанда сирек кездесетін түр. Талас Алатауының батыс бөлігінде (Даубаба, Машат, Боролдайтау) және Қаратаудың оңтүстік-шығыс сілемінде (Алмалысай, Шымшық, Қарақыстан шатқалдарында) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Батыс Тянь-Шаньның басқа аймақтарында, Памир-Алай мен Копетдагта таралған. Сонымен қатар Иран жерінде де кездеседі. Сары топырақты және тасты баурайларда, шөгінді тастарда, шатқалдарда және аласа тау мен тау етегінің (теңіз деңгейінен 1500 м биіктікке дейін) түрлі тау жыныстары қоспасының шығатын жерлерінде өседі. Шағын сирек тоғайлар түзеді. Ең жақсы пысталар Боролдай сайында, мұнда түрдің тығыздығы 1 га жерде 375 өсімдік өседі. Бұл жерде биіктігі 4 м, діңінің жуандығы 40 см жекелеген ескі ағаштар кездеседі. Қос үйлі баяу өсетін ағаш. Тіршілік ұзақтығы — 400 жылға дейін. Тұқымы арқылы көбейеді. Мал жайылатын жерлерде көшеттері өте сирек кездеседі. Тіршілігінің алғашқы жылында-ақ тамыр жүйесі жақсы дамиды. Екі жылдық көшеттің биіктігі 10-15 см, ал тамыр жүйесінің ұзындығы 1,5-2 м. Пыстаның жемісінің құрамында 70 май мен 23 белок бар, құндылығы жағынан түйежаңғағы мен бадамнан жоғары. Сондықтан табиғаттағы пысталарды қорғау және мәдени өсіру өте маңызды. Қазақстанда түр таралу аймағының солтүстік шекарасында орналасқан, көктемгі аяздардан, малды шектен тыс жаюдан және өрттерден зардап шегеді. Боралдай қорқшасы және Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары орман шаруашылығында қорғалады.

Солдан оңға қарай: пісте тоғайы және жиналған жемістер, жаңғақтар, қабығы аршылған жаңғақтар (ядро), пісте наны

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А. А. Иващенко. Алматы, 2006 жыл.