Куду

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кіші куду

Куду — орман киігінің екі түрі; кейде оларды жеке Strepsiceros туысына жатқызады. Дене ұзындығы үлкен кудудың 245 см тақау, шоқтығының биіктігі 132 см дейін. Судан, Уганда, Чад, Сомали және Эфиопиядан оңтүстікке қарай ОАР солтүстігіне дейін, батыста Намбияға және солтүстік—шығыста Заирға дейін таралған. Кіші куду сәл кішілеу, Араб түбегінің оңтүстік—батысында, орталық Африканың шығысында кездеседі. Аңшылық жануар. Кудуды үй жануарлармен бірге фермаларда өсіреді. Мал шаруашылығына зияндығы жоқ, өйткені олар шілік—бұталармен қоректенеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3