Кракстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кракстар
Penelope jacquacu
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Cracidae
Vigors, 1825
Genera

Кракстар (лат. Cracidae) - тауықтәрізділер тұқымдасы. Дене ұзындығы 52 см ден 1 м дейін жетеді. Ұзын құйрықты ағаш құстары. Тұяқтары ұзын, қайқы. Басында қауырсынды айдары бар. Орталық және Оңтүстік Америка ормандарында 11 туыс 50 түрі таралған. Басым көпшілік түрлері ағашта мекендейді. 2-4 ірі жұмыртқа салады. Өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрлері аңшылық құстары. ХТКО-нің Қызыл кітабына 6 түр 5 түршесі енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3