Мазмұнға өту

Кондратий Фёдорович Рылеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кондратий Фёдорович Рылеев
Туған күні

29 қыркүйек 1795 (1795-09-29)

Туған жері

Петербург губерниясы, Батово ауылы

Қайтыс болған күні

25 шілде 1826 (1826-07-25) (30 жас)

Қайтыс болған жері

Петребург

Ұлты

Орыс

Әкесі

Федор Андреевич Рылеев

Анасы

Анастасия Михайловна Эссен

Жұбайы

Наталья Михайловна Тевяшева

Балалары

Анастасия Кондратьевна Рылеева

Кондратий Фёдорович Рылеев - орыс ақыны, декабрист. Дворян отбасында туған. Кадет корпусын бітірді. 1823 ж. декабристердің Солтүстік қоғамына кіріп, оған жетекшілік етті. П.И.Пестельмен бір көзқараста болды. 1825 ж. декабристер көтерілісі жетекшілерінің бірі ретінде өлім жазасына кесіліп, дарға асылды. Рылеев - орыс поэзиясындағы төңкерістік романтизмнің көрнекті өкілі. Оның шығармалары азаматтық әуенге, төңкерісті рухқа толы. 1821-1823 ж. жазған "Ойлар" атты өлеңдер циклінде, "Войнаровский", "Наливайко" поэмаларында т.б. шығармаларында орыс халқының тарихында үлкен рөл атқарған қайраткер адамдарды бейнеледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том