Когнитивтік диссонанс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Когнитивті диссонанс (когнитивті - танымдық, түсініктік; диссонанс - үйлесімсіздік, сәйкессіздік; ағылш. cognitive dissonance, ) — сана қайшылықтарын сипаттайтын психологиялық теорияның термині болып, әдетте өзара қайшылықты екі сенім жүйесін, құндылық жүйесін, немесе әртүрлі көзқарастарды қатар ұстану, солар бойынша әрекет ету нәтижесінде туындайтын психологиялық ыңғайсыздануды білдіреді. Әдетте адам өз көзқарасы мен түсінікінде бірізді болуға, ортақ ішкі біртұтастықта өзін ұстауға ұмтылады, ал егер мәлім себептерден бұлар қайшылықты мазмұнда болса, онда адам жайсыздық, мазасыздық күй кешеді.[1]

Сенім (ұстаным) мен қылық (behavior) арасында cәйкессіздік туылғанда адам ыңғайсыздықты жеңілдетуге, ішкі бірізділік қалыптастыруға көмектесетін әрекеттер жасауға бейімделеді.[2][3] Адамдар мұндай психологиялық стресстерді әртүрлі амалдармен жеңілдетуге тырысады,[2] мысалы, жаңа ақпараттан бас тарту, ақталу, түсіндіру, жалтару, т.б.[2][3][4]

«Пайғамбарлық сәтсіз болғанда: әлемнің жойылуын болжаған заманауи топ жөнінде әлеуметтік-психологиялық зерттеу» (1956) және «Когнитивті диссонанс теориясы» (1957) қатарлы еңбектерінде адам шынайы әлемде ішкі психологиялық үйлесімділікте (консонанс) болуға ұмсыну арқылы саналылық қасиетін көрсете алады дейді, когнитивті диссонанс теориясының негізін қалаушы Леон Фестингер.[2] Ішкі сәйкессіздікті сезінген адам психологиялық жайсыздануды бастан кешіреді және когнитивті диссонансты азайтуға ынталанады.[2][3] Олар белгілі бір өзгертулер арқылы стрессті әрекеттерінің ақылға қонымдылығын дәлелдегісі келеді, яғни бір болса танымына жаңа мазмұндар қосып когнитивті диссонансты рационализациялайды), немесе когнитивті диссонанс деңгейін арттыруы мүмкін жағдайлар мен қайшылықты ақпараттардан жалтарып, растау саңаржақылығына салынады.[2][3][4]

Қайшылықты идеялар мен тәжірибелердің нюанстарын бірлікке келтіру барысында психикалық стресстер туындайды. Шындық құсап көрінетін қарама-қайшы нәрселерге төтеп беру үшін күш пен жігер қажет. Фестингердің пікірінше, кейбір адамдар сенгісі келген нәрселерге көзсіз сене салу арқылы диссонансты шешім еткісі келеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Verywellmind: What Is Cognitive Dissonance? https://www.verywellmind.com/what-is-cognitive-dissonance-2795012
  2. a b c d e f "When Prophecy Fails and Faith Persists: A Theoretical Overview". Nova Religio 3 (1): 60–82. 1 October 1999. doi:10.1525/nr.1999.3.1.60. LCCN 98656716. 
  3. a b c d "Cognitive dissonance". Scientific American 207 (4): 93–102. October 1962. Bibcode 1962SciAm.207d..93F. doi:10.1038/scientificamerican1062-93. ISSN 0036-8733. PMID 13892642. 
  4. a b Festinger, L. (1957). A Theory of Cognitive Dissonance. California: Stanford University Press.

Психология энциклопедиялық сөздік