Кербела

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кербела қаласы (Ирак) – Ирактағы Кербела провинциясының астанасы [1].

Халық саны 572 300 адам (2003 жылғы халық санағы бойынша). Шеиттер қаланы Мекке, Медина, Иерусалим және Эн-Наджафадан кейінгі қасиетті қала деп санайды. Себебі 680 жылы Кербела шайқасы кезінде Язид ибн Муавиидің жауынгерлері имам Хусейнді өлтірген болатын. Қалада Ирактыңтанымал ақыны Мұхаммед Физула туған.

Кербела - Ирактың Бағдад қаласынан солтүстік- батысқа қарай 100 ша- қырым қашықтықта орналасқан қала. Кербела провинциясының астанасы. Шииттер Кербеланы Мекке, Медине, Иерусалим және Наджафтан кейінгі қасиетті қала деп санайды. Себебі 680 жылы Кербела шайқасы кезінде Язид ибн Муавийдің жауынгерлері имам Хусейнді өлтірген болатын. Қалада Ирактың танымал ақыны Мұхаммед Физула туған. Хусейн Ибн Әли өмір сүрген дәуірде бүл жерді сонымен бірге Хадириях, Найнава және Шатхи ул-Фурат деп те атаған.

Қала Кербела шайқасы өткен орын ретінде жақсы танымал. Бұл қала исламдағы шииттермен байланысқан діни уағыздар мен құлшылық қылудың орталығы. Қала мен оның мазарын мұсылман билеушілері кеңейтіп отырғанымен, алайда көп мәрте орын алған әскери шабуылдардың салдарынан қала да, мазар да көп зардап шеккен. Қалада болатын шииттердің үлкен мейрамы бейбіт түрде өтеді. Бұл кезде орын алуы мүмкін қақтығыстарды болдырмау үшін мыңдаған әскер мен тәртіп сақшылары тәртіпті қадағалауға жұмылдырылады.

Ең алғаш салынеан мешітті Аббасидтер әулетінің халифы Әл-Мутаваккил 850 жылы қиратқан. Бірақ мешіт 979 жылы қайта тұрғызылды. Кербела шайқасы Ислам күнтізбесі бойынша мухаррам айының 10-шы күні (қазанның 10-ы, 680 жыл) қазіргі кездегі Ирактағы Кербела қаласы тұрған жерде орын алған.

Қала екі бөліктен тұрады: біріншісі - діни орталық болып табылатын Ескі Кербела, екіншісі - тұрғын үйлер, медреселер және мемлекеттік мекемелер орналасқан Жаңа Кербела. Саддам Хусейннің режимі тұсында орын алған шииттердің көтерілісі қатыгездікпен басып-жанышталған кезде қалаға орасан нұқсан келтірілді және осы қақтығыс салдарынан көптеген адам қаза тапты. Хусейннің қабірі - көптеген шиит мұсылмандары тәу етіп келетін орын. Әсіресе жыл сайын атап өтілетін Кербела шайқасының орын алеан күні, яәни Ашура күнінде адам көп жиналады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B0