Мазмұнға өту

Кепкен нандар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кепкен нандар

Кепкен нандар — сақтау мақсатында немесе ары қарай әр түрлі тағамдарға аспаздық қолдану үшін арнайы кептірілген нан. Сақтауға арналған кепкен нандар үшін жаңа піскен жұмсақ нанды баяу қыздырылған тұмшапеште тілімдерге кесіп, қырына тиіспей кептіреді. Аспаздық қолдануға арналған кепкен нанның қырын кептіру алдында алып тастайды. Үгілген кепкен нандарды котлетгерді аунату үшін, нан көжелерін, пудинг, кондитер өнімдерін, шарлоткалар және басқа тәтті тағам дайындауда қолданады. Ет тағамдарына қосар алдында оларды қайнаған сүтте жібітіп алса, котлет дәмдірек болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1