Карл Шефер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Карл Шефер
Жеке мағлұматтар
Туған күні

17 мамыр 1909 (1909-05-17)

Туған жері

Вена, Аустрия

Қайтыс болған күні

23 сәуір 1976 (1976-04-23) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Вена, Аустрия

Карл Шефер (нем. Karl Schäfer; 17 мамыр 1909, Вена — 23 сәуір 1976, Вена[1]) — Аустриялық мәнерлеп сырғанаушы, Қысқы Олимпиада ойындарының екі мәрте чемпионы.

Карл Шефер Венада дүниеге келді. Ол 11 жаста болғанда жаттықтырушы Рудольф Куцер оның дарынын байқады. Шефер жан-жақты дамыған адам болды: ол скрипкада жақсы ойнады, брасспен жүзу бойынша Австрия чемпионы болды, тіпті 1928 жылғы жазғы Ойындарға қатысты.

Спорттық мансабы аяқталғасын, 1936 жылы Карл АҚШ-қа көшіп, жаттықтырушы ретінде жұмыс жасайды. 1938 жылы Венада спорт тауарлары қоймасын ашады. 1940 жылы Карл мен Нерта Вотчер (мәнерлеп сырғанау жаттықтырушысы) «Ревю льда Карла Шефера» (Karl-Schäfer-Eisrevue) шоуының негізін қалады. 1943 жылы ол актер ретінде «Der weiße Traum» фильмінде түсті. Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Энгельманн мұз айдынын қалпына келтіруге ат салысып, жас фигуристтерді жаттықтырды.

1956 мен 1962 жылдар арасында ол мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы жұмысын жасау үшін Америка құрама Штаттарына барды. 1962 жылы ол Венаға оралып, өмірінің соңына дейін сол жерде тұрды. Кіші Эдуард Энгельманның қызына үйленген.

1974 пен 2008 жылдар аралығында Венада жыл сайын Карл Шефер атындағы "Карл Шефер мемориалдары" (нем. Karl Schäfer Memorial) турнирі өткізілді.

Спорттық нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жарыстары/Жыл 1927 1928 1929 1930 1931 1932 1933 1934 1935 1936
Олимпиадалар 4 1 1
Әлем чемпионаттары 3 2 2 1 1 1 1 1 1 1
Еуропа чемпионаты 3 2 1 1 1 1 1 1 1 1
Аустрия чемпионаттары 2 2 1 1 1 1 1 1 1

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Karl Schäfer Biography and Olympic Results  (ағыл.). Sports-Reference.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 сәуір 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 7 шілде 2010.