Мазмұнға өту

Карл Ангулем

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Карл Орлеан
фр. Charles d’Orléans
Карл Ангулем
Лауазымы
Ту
Ту
Ангулем графы
30 сәуір 14671 қаңтар 1496
Регент Маргарита де Роган (1467 — ?)
Жан I де Ла Рошфуко (1467 — ?)
Ізашары Жан Ангулем
Ізбасары Франциск Ангулем
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1459 (1459)
Франция патшалығы
Қайтыс болуы 1 қаңтар 1496 (1496-01-01)
Шатонёф-ан-Ангумуа
Жерленді Ангулемдік собор, Ангулем
Династия Валуа, Ангулем тармағы
Әкесі Жан Ангулем
Анасы Маргарита де Роган
Жұбайы Луиза Савой
Балалары ұлы: Франциск І
қыздары: Маргарита, Жанна (заңс.), Мадлен (заңс.), Соверен (заңс.)

Карл Орлеан (фр. Charles d’Orléans; 14591 қаңтар 1496) — 1467 жылдан бастап Ангулем графы. Граф Жан Ангулем мен Маргарита де Роганның екінші ұлы, Франция королі Франциск І-нің әкесі.

Карл Ангулемнің елтаңбасы

Карл туралы деректер аз. 1467 жылы оның әкесі (Людовик Орлеанның кіші ұлы) қайтыс болып, жеті жасар Карл Ангулем графтығын мұрагерлікке алды. Бала кезінде регенттер Рогандар әулетінен шыққан анасы мен Жан I де Ла Рошфуко болды.

1488 жылы Францияның регенті Анна де Божё Карл мен Луиза арасындағы некені ұйымдастырды. Карлда әйелінен басқа бірнеше көңілдес әйелдері болды. Олардың тек екеуінің ғана аттары белгілі - Антуанетта де Полиньяк және Жанна Конт, олардан Карлда кемінде үш қызы бар.

Карл басты тұрағы - Коньяк болды. Онда болашақ француз королі Франциск I туды.

Карл 1496 жылдың 1 қаңтарында күтпеген жерден Шатонёф-ан-Ангумуа қаласында қайтыс болды. Оның денесін Ангулемнің кафедралды соборында, ата-анасының жанында жерленді. Оның байлығын жас Франциск анасының регенттігімен мұраға алды.

Некесі мен балалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелі: 16 ақпан 1488 жылдан бастап Луиза Савой (11 қыркүйек 1476 — 22 қыркүйек 1531), Савой герцогы, Филипп II мен Маргариты де Бурбонның қызы. Балалары:

  • Франциск I (12 қыркүйек 1494 — 31 наурыз 1547), 1496 ж. бастап Ангулем графы, 1515 ж. бастап Франция королі.
  • Ангулемдік Маргарита (11 сәуір 1492 — 21 желтоқсан 1549), 1517 ж. бастап Берри герцогинясы; 1-күйеуі: Карл IV (2 қыркүйек 1489 — 11 сәуір 1525), 2 желтоқсан 1509 ж. бастап; 2-күйеуі: Генрих II д’Альбре (18 сәуір 1503 — 25 мамыр 1555) 24 қаңтар 1527 ж. бастап.

Карлдың басқада некесіз туылған балалары да бар.

Антуанетта де Полиньяктан:

  • Жанна (1531/1538 ж. кейін қай.), 24 наурыз 1522 ж. бастап де Бар-сюр-Сьен графинясы; 1-күйеуі: тамыз 1501 ж. бастап Жан Обин, сеньор де Маликорн; 2-күйеуі: Жан IV де Лонгви ( шам. 1520/1521 қай.), барон де Паньи и де Мирабо-ан-Бургонь.
  • Мадлен (шам. 1475/1476 — 26 қазан 1543), 1495 ж. Пон-л’Аббе (Сентонж) приорессасы, Жоғарғы Брюйе (Шартр) аббатисасы, 1496 ж. Сен-Эсони (Ангулем) аббатисасы, 1511 ж. Фармутье аббатисасы, 1515 ж. Жуаре аббатисасы, 1517 ж. Фонтевро аббатисасы.

Жанна Ле Контадан:

  • Соверен (23 ақпан 1551 ж.қай.), күйеуі: 10 ақпан 1512 ж. бастап Мишель III де Гальяр (4 шілде 1535 ж.қай.), сеньор де Шильи.