Мазмұнға өту

Карло Кривелли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Карло Кривелли - итальяндық суретші. 1430 жылы (немесе 1435 жылы) Венецияда дүниеге келген. 1495 жылы Асколи Пичено қаласында қайтыс болды. Ол суретшілер отбасынан шыққан болатын. Венеция және Падуи қалаларында білім алды. Өз өмірінің басым бөлігін: Марке, Асколи Пичено және Далмацияда өткізген. Crivelli әрқашан өз бастауын атап өткен - оның еңбектері «Карло Кривелли Венециандық» (Carolus Crivellus Venetus) деп қол қойылған.

Қасиетті Мұса кезінде өмір сүрген, қазіргі уақытта жұмыстары белгілі, Венециандық суретші – Якопо Кривеллидің ұлы болып келеді. 1444 жылындағы құжаттарда Карлоның кіші інісі – Витторио Кривелли туралы ескертулер бар. Карлоның туған күні туралы мәліметтер жоқ. 1457 жылы ол кәмелетті жасқа толды, себебі Венецияда, матрос Франческо Кортезенің әйелі - Тарсиямен неке адалдығын бұзғаны үшін, 6 ай түрме жазасына және ақшалай айыппұлға сотталған.

«Благовещение со святым Эмидием» (1486)

Кривеллидің оқуы туралы рас құжат деректері жоқ. Бірақ оның алғашқы жұмысына негізделсек, Карло қазіргі заманғы Падуа мектебі, әсіресе Скварчонемен танысуы мүмкін. Ол Карло Антонио Виварини, Джованни д’ Алеманья және Бартолемео Виваринидың оқушысы болуы мүмкін.
Екі нотариальдық акт бойынша (23 маусым, 1463 және 11 қыркүйекте, 1465 жылғы) далматин қаласы Дзара азаматы – Кривелли суретшісі ескертіледі. Онымен бірге інісі Витторио тұрған және жұмыс істеген.
1468 жылы Марке регионына көшіп, өз өліміне дейін сол жақта жұмыс істеді.
Готика стилі, діни тақырыптар бойынша картиналар авторы, зайырлы картиналар дерлік жазған жоқ. Кривелли еңбектері феодалдық және серілік мәдениет ерекшеліктерімен белгіленген болып табылады. Негізінен әсем киінген Мадонналар мен әулиелердің құрбандық шалатын бай безендірілген картиналар авторы. Кешенді символизм, құрамы толық мұқият бөлшектер, мұқият жасалған көркем хаттар, Кривеллидің суреттерін сипаттайды.
Кривелли ұзақ ұмытылған. Тек 19 ғ. Екі итальяндық зертеушілер - аббату Ланци (Abbot Lanzi) и Амико Риччи (Amico Ricci) арқасында жаңадан ашылған. Оның жұмысының үлкен коллекциясы Лондонның Ұлттық галереясында орын алған.
Өзінің жұмыстарында кеш гот және Ренессанс кескіндеме негізгі белгілері біріктірді. Перспективаны шебер игерді. Сарқылмас қиялға ие болған. Оның жұмыстары әрқашан түсініксіз таңбаларға толы болған.

Арсенишвили И.В. Карло Кривелли. — М.: Искусство, 2000. — 144 с. — ISBN 5-210-02546-2.
Дзуффи С. Возрождение. XV век. Кватроченто. — М.: Омега-пресс, 2008. — С. 260—261. — 384 с. — 3000 экз. — ISBN 978-5-465-01772-5.
Милюгина Е. Г. Карло Кривелли. — М.: Белый город, Редакция «Воскресный день», 2012. — 226 с.: 200 ил. с. — (Шедевры живописи). — ISBN 978–5–7793–4204–9.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://www.artcyclopedia.com/artists/crivelli_carlo.html
http://www.wga.hu/frames-e.html?/html/c/crivelli/carlo/index.html
http://www.bibliotekar.ru/muzeumLondon/9.htm
http://www.krugosvet.ru/enc/kultura_i_obrazovanie/izobrazitelnoe_iskusstvo/KRIVELLI_KARLO.html