Канцлер
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Канцлер (нем. Kanzler) — бірқатар елдердегі жоғары лауазым немесе шен атауы. Мысалы, федералды канцлер — Австриядағы және Германиядағы үкімет басшысы. Германияда канцлер заң жүзінде федералдық президент пен бундестаг (парламент) президентінен (спикер) кейінгі үшінші жоғарғы лауазым иесі болғанмен іс жүзінде биліктегі ең бірінші тұлғаға жатады. Канцлер сөзі көне латынның "cancelli" (канцелли) сөзінен шыққан. Канцлер сөзі орта ғасырда бай манап, феодалдардың іс қағазын жүргізуші деген мағынада керектенілсе соңыра бірқатар елдерде атқарушы биліктің ең жоғарғы мансаптысының атауы болып орнықты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |