Канза (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Канза
канзы, кау
Бүкіл халықтың саны

650

Ең көп таралған аймақтар

 АҚШ

Тілдері

ағылшын тілі

Діні

протестантизм, анимизм

Канза (өз аты - «оңтүстік желдің адамдары»), кау (сиу тілінде - «оңтүстік жел») — АҚШ-тағы Сиу тобындағы үндіс халқы (Оклахомадағы резервация). Саны 650 адам.

Ағылшын тілінде сөйлейді.[1]

Сенушілер протестанттар (методистер). Канза діні анимизмді және әртүрлі дәрежеде рухани болмыстарды қамтыды.[2]

Канза дәстүрлі түрде аңшылық (бизон аулау) пен егіншілікті біріктіретін жартылай отырықшы халық болды.[3] Қазіргі канзалар – жалдамалы жұмыспен айналысады.

Тұрмыс салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы үлкен және патрилокалды, рулық екі фратрияға біріктірілді. Тайпаны әр фратриядан екі мұрагерлік жолмен көсемдер және тайпа көсемдерінің кеңесі басқарды.

Тұрғын үйлері 8 бағаналы төбесі бар жер үй.

Ерлер белбеумен ұстайтын белдемше киіп, иығына жамылғы ілді. Әйелдер тізеге дейін матадан жасалған белдемше киіп, ал суық мезгілде сол иығына жамылғы киді.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]