Мазмұнға өту

Йоханнес Штарк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Йоханнес Штарк
нем. Johannes Stark
Туған күні

15 сәуір 1874 (1874-04-15)

Туған жері

Фрайунг (Бавария корольдігі, Германия империясы)

Қайтыс болған күні

21 маусым 1957 (1957-06-21) (83 жас)

Қайтыс болған жері

Траунштайн (Жоғарғы Бавария, Бавария, ГФР)

Ғылыми аясы

спектроскопия

Жұмыс орны

JMU
Геттинген университеті
Рейнско-Вестфаль Ахен техникалық университеті
Грейфсвальд университеті
Ганновер университеті
Федералдық физика-техникалық институты

Альма-матер

Мюнхен университеті

Ғылыми жетекші

Ойген Ломмель

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1919)

Йоханнес Штарк (сонымен қатар Иоганнес Штарк, нем. Johannes Stark; 15 сәуір 1874, Фреюнг21 маусым 1957, Траунштейн) — неміс физигі.

Мюнхен университетін (1898) бітірген, онда 1898—1900 жж. көмекші болды. 1900—1906 жж. Геттинген университетінде, 1906—1909 жж. — Ганновер жоғары техникалық мектебінде, 1909—1917 жж. — Ахендегі Жоғары техникалық училищенің профессоры, 1917—1920 ж.ж. — Грейфсвальд университеті, 1920—1933 ж — Вюрцбург университеті, 1933—1939 ж. — Физика-техникалық институтының президенті (Берлин – Шарлоттенбург) және 1934-1936 жж Неміс зерттеу қоғамының президенті.

Оптика, атомдық физика, валенттілік теориясы бойынша жұмыс істейді. 1905 жылы канал сәулелеріндегі доплер эффектін, 1913 жылы — электр өрісіндегі спектрлік сызықтардың бөліну құбылысын (Штарк эффектісі) ашты. Катод сәулелерінің тежелуі кезінде пайда болатын рентген сәулелері мен екінші реттік электрондардың түсіндірмесін берді (1907 жылы).

1919 ж. Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты «канал сәулелеріндегі Доплер эффектісін ашқаны және электр өрісіндегі спектрлік сызықтардың бөлінуі (Штарк эффектісі) үшін». Берлин ғылым академиясының мүшесі. Вена ғылым академиясының Баумгартнер сыйлығының, Геттинген ғылым академиясының Фалбруч сыйлығының және Италия Ұлттық ғылым академиясының Маттеучи атындағы алтын медалінің иегері.

Салыстырмалылық теориясының белсенді қарсыласы. Фашистер тұсында неміс ұлтшылдық «арийлік физика» қозғалысына қатысты. Нацистік партияның мүшесі болған. 1933 жылдан кейін ол «ақ еврейлерге» қарсы күресе бастады, оның ішінде оның көзқарастарымен бөліспейтін физиктер, атап айтқанда Гейзенберг болды. Оның пікірінше, соңғысының алған Нобель сыйлығы «Ұлт—Социалистік Германияға қарсы еврейлердің ықпалындағы Нобель комитетінің демонстрациясы» [1].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Штарк тұтқындалып, 1947 жылы 20 шілдеде «бас қылмыскер» деп танылып, денацификация соты төрт жылға еңбекпен түзеу лагерінде жазасына кесті. Бұл үкім кейіннен шартты жазаға ауыстырылды[2][3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А. Васильченко. Оккультный миф Третьего рейха.
  2. Johannes Stark (1919). www.physik.uni-wuerzburg.de. Faculty of Physics and Astronomy. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 сәуір 2021.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2021.
  3. Johannes Stark : Nazi Germany. Spartacus Educational. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 қаңтар 2021.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 наурыз 2021.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Нобель комитетінің ресми сайтындағы өмірбаяны. Мұрағатталған көшірме. (ағыл.))
  • Нобель дәрісі Мұрағатталған көшірме. (ағыл.))