Имре Над
Имре Над [1](7.6.1892, Капошвар – 16.6.1958, Будапешт) – Венгрияның мемлекеттік қайраткері. Шаруа отбасында дүниеге келіп, мектеп бітірген соң, негізінен а. ш. саласында еңбектенді
Коммунист
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші дүниежүзүлік соғыс кезінде әскер қатарына шақырылып, шығыс майданға жіберілді. Орыстарға тұтқынға түсіп, Ресейдегі лагерьлерде болды. Азамат соғысы жылдары коммунистерге қосылып, Қызыл Әскер қатарында соғысты. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін еліне оралды. Надь Емре 1929 жылы ауыл шаруашылығы институтының қызметкері ретінде Мәскеуге келіп, 1944 жылға дейін жұмыс істеді. 1944 жылы Венгрияға қайта оралып, соғыстан кейінгі жаңа үкіметті құруға белсене араласты. 1944 – 48 жылдар аралығында әр түрлі министрлікте қызмет атқарды. 1949 жылы Надь Емре орташа шаруаларды табанды қолдағаны үшін коммунистік үкіметтің құрамнан шығарылады. 1953 – 55 ж. премьер-министр қызметін атқарды, бірақ тәуелсіз саясат жүргізгендіктен бұл қызметтен де шеттетілді.
Көтеріліс басшысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1956 жылы Қазан оқиғаларынан соң Надь Емре КСРО-ға қарсы күштердің басшысына айналып, Венгрия үкіметінің премьер-министрі болды. Сәтсіз аяқталған көтерілістің соңғы күні ол батыс державаларынан кеңес әскерлерінің басып кіруіне қарсы жәрдем беруді сұрады. Көтерілістен соң Румынияға қашуға мәжбүр болды. Румын өкімет орындары оны Венгрияға қайтарып берді. Надь Емре сотталып, соңынан атылды. Надь Емре 1989 жылы Венгрияның Жоғарғы Сотының шешімімен толық ақталды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |