Мазмұнға өту

Иммунотерапия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иммунотерапия – науқастың иммундық жүйенсін барынша жұмылдыруға бағытталған ем түрі. Оның мақсаты ағзадағы лейкозды агентке иммунологиялық тұрақтылықты жойып, лейкоз тіндерінің өсуін бақылайтын және басатын иммунологиялық жауапты белсендіру.

Иммунотерапияның ең тиімді әдістері:

  • жедел лейкоздың фенотиптеріне сәйкес моноклонды антиденелерді (МА) қолдану. МА екі жолмен пайдаланылады – науқастың сүйек миын не қанын in vitro моноклонды антиденелермен өңдеп, науқастың ағзасына МА енгізеді;
  • интерферонды (рекомбинантты адамның α2-интерфероны немесе реаферон) қолдану.

Реаферонның пролиферацияға және вирустарға қарсы әсері бар, бластарға қатысты Т-лимфоцит-киллерлердің белсенділігін күшейтеді. Оны 50 000000 ӘБ/тәу мөлшерде апта бойында тағайындалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "ҚАН АУРУЛАРЫ" Байжанова К. Т., Бекмурзаева Э.Қ., оқу құралы, Шымкент, 2010.