Мазмұнға өту

Иван Данилович Черняховский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Иван Данилович Черняховский

Иван Данилович Черняховский (15 маусым 1906, Умань қаласы - 18 ақпан 1945, Вильнюс) - кеңес әскери қайраткері, әскер генералы (1944). Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған (17.10.1943, 29.07.1944).1928 жылдан Компартия мүшесі. 1924 жылдан Кеңес Әскері қатарында болды. Киев артиллерия мектебін (1928), Механикаландыру және моторландыру әскери академиясын (1936) бітірді. 1941 жылдың наурызынан танк дивизиясының командирі. Ұлы Отан соғысының (1941-45) алғашқы жылдарында Солтүстік - Батыс, Воронеж, Орталық, 1-Украин, 3 - Белорус майдандарында танк дивизиясының, корпустың командирі. 1942 жылдың шілдесінен 1944 жылдың сәуіріне дейін 60-әскердің, сәуірінен бастап Батыс, 3-Белорус майдандарының қолбасшысы. Курск шайқасына, Украинаның оң жағалауын, Белоруссияны жаудан азат етуге, Шығыс Пруссия операциясына қатысты. Калинин облысындағы Инстербург қаласы 1946 жылы Черняховск деп атанды.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ленин орденімен, 4 рет Қызыл Ту т.б. ордендермен , медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 113 бет