Зияткерлік меншік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Зияткерлі меншіказаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Зияткерлік меншік нысандарына:

  • өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырма ұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚ пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптік үлгілерге‚ т.б. берілген патенттерден туындайтын құқықтар;
  • ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарының кітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚ музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т.б. түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтар;
  • фонограммалар жасаумен‚ орындаушылықпен‚ телерадиоэфир арқылы хабарлар берумен‚ клиптермен‚ т.б. байланысты сабақтас құқықтар;
  • заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру құралдарына (фирмалық атауларлоготиптер‚ тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері‚ тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын құқықтар; ноу-хауға берілген құқықтар;
  • зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық нұсқаулар‚ ережелер‚ т.б.) құқықтар жатады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Intellectual property law