Зейдерзе
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Зейдерзе нидер. Zuiderzee | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Түрі | шығанақ |
Ауданы | 5000 км² |
Тереңдігі | 5 м |
Орналасуы | |
52°50′ с. е. 5°20′ ш. б. / 52.833° с. е. 5.333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°50′ с. е. 5°20′ ш. б. / 52.833° с. е. 5.333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Өзінен жоғары акватория | Солтүстік теңізі |
Ел | Нидерланд |
Зейдерзе Ортаққорда |
Зейдерзе (нидер. Zuіderzee – Оңтүстік теңіз) — Солтүстік теңіздің Нидерланд жағалауындағы оңтүстік шығанағы.
Теңізден Батыс Фриз аралдары арқылы бөлініп жатыр. 1282 жылы болған теңіз дауылы әсерінен жағалаудағы бөгет құлап, Флево көлінің теңізбен қосылуынан пайда болған. Жағалауы аласа, батпақты. Бөгеттер мен дамбылар арқылы бекітілген. Шлюздік дамбы арқылы солтүстігінде Вадден-зе, оңтүстігінде Эйсселмер шығанақтарына бөлінеді. Тереңдігі 3 – 4 м, кеме жүретін бөліктерінде 8 – 24 м-ге дейін жетеді. Толысу толқындары 1,4 – 1,9 м-ге дейін көтеріледі. 1920 жылдан бастап құрғату жұмыстары жүргізілуде. Құрғатылған жерлер – “польдер” деп аталады. Шығанақ жағалауындағы ең ірі порт – Амстердам.