Занзибар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Занзибар.

Занзибар (ағылш. Zanzibar) — Үнді мұхитындағы арал, Африканың шығыс жағалауынан 36 км жерде орналасқан.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Танзанияның құрамына кіреді. Аумағы 1658 км². Халқы 605 мың адам (1998). Аралдың ең биік жері 120 м. Жер қыртысы маржан әктастарынан түзілген. Жер бедерінде карстық шұңғымалар мен үңгірлер жиі кездеседі.

Климаты экваторлық муссондық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы 28С, шілдеде 23С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500 – 2000 мм.

Ландшафтысына бұталы өсімдіктер тән. Кокос пальмасы және қалампыр ағаштарының плантациялары бар.

Елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі қаласы — Занзибар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім