Жұмсақ терілі тасбақалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жұмсақ терілі тасбақалар (Тrionychoidea) — жұмсақ терілі тасбақалардың сауытында мүйізді пластинкалар болмайды. Дене жабындысы жұмсақ, қыртысты, немесе бұдырлы тері тәрізді болады. Тері астындағы сүйекті сауыты нашар жетілген. Тек қана арқасындағы сауытының ортаңғы бөлімінде шеті шеміршекпен көмкерілген сүйекті пластинкасы болады. Олардың ұзын қозғалғыш тұмсығының ұшынан танау тесігі ашылады. Аяқтарында жүзу жарғақтары болады. Жұмсақ терілі тасбақалар Африканың, Оңтүстік Азияның және солтүстік Американың тұщы суларын мекендейді. Қытайда және Қиыр Шығыста уссуридің жұмсақ терілі тасбақасы (Аmуdо sіnensіs) кездеседі [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970